
2020 жылы сараптамалық кеңес пен жұмыс тобы 5 жобалық ұсынысты бекітті.
- «Павлодар қаласындағы Ломов көшесі, 152/3 аулаішілік аумағын қайта жаңарту (53 818,0 мың теңге)» жобасы бойынша «КазЕвроСтрой» ЖШС бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде.
- «Павлодар қаласындағы Павлов көшесі, 85/1 бойынша аула ішіндегі аумақты қайта жаңарту (80 889,0 мың теңге)» жобасы бойынша «КазЕвроСтрой» ЖШС бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде.
- «Павлодар қаласындағы Павлов көшесі, 102/3 бойынша аула ішіндегі аумақты қайта жаңарту (21 010,0 мың теңге)» жобасы бойынша «Самек Строй» ЖШС бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде.
«Сәби бох» Модулінің 2 блогын дайындау және орнату (6 683,0 мың теңге)» жобасы бойынша «Эра Сервис» ЖШС келісім-шарты жіберілді.
- «Павлодар қаласындағы Торайғыров көшесі, 6 үйішілік аумақты қайта жаңарту (51 933,0 мың теңге)» жобасы бойынша қазіргі уақытта қаражат бөлінді, конкурстық құжаттаманы дайындау жүргізілуде.
2021 жылы аулаішілік аумақтарды абаттандыру бойынша 9 мекенжай бойынша жобалық ұсыныстар бекітілді:
1. Ломова к-сі 165, 167, 169, Қамзин к-сі, 170
2. Торайғыров к-сі, 77
3. Ломов к-сі, 137
4. Академик Шөкин к-сі, 98
5. Мүткенов к-сі,58
6. Гагарин к-сі, 81
7. Қамзин к-сі, 64, 66, 70
8. Малайсары батыр к-сі, 31
9. Мүткенов к-сі, 49
Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірлеу үшін «Асыл Строй» ЖШС қол қоюға шарт жолданды.
2022 жылы 5 жобалық ұсыныс бекітілді.
- Урицкий көшесі, 74 бойынша балалар алаңын орнату (8 762,1 мың теңге), жұмыстар балалар алаңдарын ауыстыру және ағымдағы жөндеу бойынша шарт шеңберінде үнемдеу есебінен орындау жоспарлануда.
- Қамзин көшесі, 354 бойындағы балалар алаңын қайта жаңарту (11 634,1 мың теңге) жұмыстар балалар алаңдарын ауыстыру және ағымдағы жөндеу бойынша шарт шеңберінде үнемдеу есебінен орындау жоспарлануда.
Катаев көшесі, 103 және Гагарин көшесі, 83 үйлер арасындағы саябақты қайта жаңарту (37 189,0 мың теңге), шарт жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Катаев көшесіндегі № 14 ЖОМ, Ледовский көшесіндегі № 30 ЖОМ және Амангелді көшесіндегі № 37 ЖОМ жанында жаяу жүргіншілер үшін шақыру бағдаршамдарын орнату (13 903,0 мың теңге), шарт жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Гагарин» саябағын ағымдағы жөндеу (252 803,0 мың теңге), шарт ШЖҚ «Еңбек» РМК-мен жасалды. Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтермен келісім бойынша жұмыстар жүргізілуде.