
20.06.2022 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі аспектілерін түсіндіру бойынша кездесу өтті.
Павлодар облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Шыңғыс Аманбекұлы Агжанбаев, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасы басшысының орынбасары Серік Жұмабайұлы Муслимов баяндады. Шараға ауданның мемлекеттік мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері және мемлекеттік органдардың мамандары қатысты.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының нормаларын, Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі аспектілерін түсіндіру және типтік базалық бағыттағы төртінші "сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл" жобасын іске асыру бойынша түсініктеме берілді.