Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Пресс-релиз

17.05.2022 жылы Павлодар қаласы учаскелік референдум комиссияларының хатшыларымен «2022 жылдың 05 маусымына тағайындалған республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Павлодар қалалық аумақтық референдум комиссиясының хатшысы Лариса Ивановна Кузьменкова сөз сөйледі. Ол референдум учаскелерін жабдықтау ережелерімен, құжаттама ережелерімен, сондай-ақ сайлаушылар тізімімен жұмыс істеу ережелерімен таныстырды. Мүгедектігі бар адамдарға дауыс беру үшін жағдай жасау жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, Павлодар облыстық аумақтық референдум комиссиясының хатшысы Абдумомунова Дина Серікқызы сөз сөйледі. Ол дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру қағидаларын, азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың өтініштерін қарау қағидаларын, республикалық референдумға арналған құжаттардың нысандары туралы түсіндірді. 120 учаскеде референдум комиссияларының мүшелеріне e-gov порталы арқылы азаматтарды тіркеу орны туралы, сондай-ақ қашықтықтан оқыту және «республикалық референдум туралы» Конституциялық заңды білуге тестілеу өткізу туралы ақпаратқа қол жеткізу ұйымдастырылатынын атап өтті.

Дата публикации
17 мая 2022
Дата обновления
17 мая 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы