
05.05.2022 жылы Павлодар қаласының учаскелік референдум комиссияларының төрағаларымен «2022 жылдың 05 маусымына тағайындалған республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Павлодар қалалық аумақтық референдум комиссиясының төрайымы Зәуреш Кувантайқызы Мұқашева сөз сөйледі. Ол республикалық референдумды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарымен таныстырды. Сондай-ақ, референдум учаскелерін ұйымдастыру және жабдықтау мәселелері талқыланды. «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 02 қарашадағы № 2592 Конституциялық заңға сәйкес комиссиялардың құрамы референдум тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей, яғни 2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей қалалық газеттерде және Павлодар қаласы әкімі аппаратының сайтында жарияланатынын атап өтті.