
2022 жылғы 4 сәуірде Павлодар қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссия кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және ұстау жағдайларына мониторинг жүргізу мақсатында "Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдаудың өңірлік орталығы" КММ көшпелі отырысын өткізді.
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау өңірлік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019 жылы 1 наурызда құрылды және жалпы ауданы 2040,2 ш.м. үш қабатты ғимаратта орналасқан, 70 төсек-орынға есептелген. Орталықтың негізгі мақсаттары өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін көрсету бойынша функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
Орталыққа белгіленген кәмелетке толмағандар оларға көмек көрсету және оларды одан әрі орналастыру мәселелерін шешу жолы алты айдан аспайды.
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу және әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру үшін орталықта материалдық – техникалық жағдайлар жасалған.
70 орындық асхана бар, ас блогы қажетті жабдықтармен жабдықталған. Теңгерімді тамақтануды ескере отырып, мәзір жасалады, 5 рет тамақтану ұйымдастырылған.
Орталықта тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал ететін травматикалық тәжірибені азайту және жою үшін жағдайлар жасалған.
Жасы мен жынысын ескере отырып, 4 жатын бөлме бар.
Орталыққа түсетін балалар кешенді әлеуметтік, психологиялық-медициналық-педагогикалық диагностикадан өтеді. Медициналық кабинет қажетті жабдықтармен, құрал-саймандармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған.
Сабақтан тыс уақыттағы сабақтар, іс-шаралар үшін ойын бөлмелері қарастырылған, онда оқушылар үстел ойындарын ойнап, музыка тыңдай алады.
Кітап қоры 1790 бірлікті құрайтын 10 орындық кітапхана бар, оның ішінде мемлекеттік тілде – 882 (49 %).
Психолог кабинеті бар. Психологиялық оңалту бойынша іс-шаралар жеке және топтық сабақтар түрінде жүргізіледі.
Тәрбие жұмысын педагог қызметкерлер жүргізеді. 2021-2022 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының перспективалық жоспары бар.