
1. Экономиканың нақты секторы
1.1 Өнеркәсіп
Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 188,5 млрд.теңгені, НКИ - 98%-ды құрады.
- Тау-кен өндіру өнеркәсібінің НКИ - 98,8%;
- Өңдеу өнеркәсібінің НКИ - 99,4%;
- Электрмен жабдықтаудың НКИ, бу беру және ауа баптау – 98,5%-ды құрады;
- Сумен жабдықтаудың НКИ; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау - 88,8%.
1.2. Ауыл шаруашылығы
Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім (қызмет) көлемі 989,2 млн. теңгені құрады, НКИ-100,5%.
Мал шаруашылығы
Ірі қара мал басының саны 7 мың басты құрады. (2021 ж.1.03-ке 103,6%.), қой - 13,4 мың бас (104,8%), ешкі – 1,3 мың бас (116,7%), жылқы – 3,3 мың бас (110,8%), шошқа – 26,3 мың бас (99,5%), құс – 587,8 мың бас (111,7%).
Тірі салмақта ет – 223,4 тонна (114,2%), сүт – 505,7 тонна (100,4%), жұмыртқа – 21 836,5 мың дана (97,8%) өндірілді.
Азық-түлік өнімдері, 14,3 млрд. теңгеге өнім өндірілді, НКИ-108,7%.
1.3. Құрылыс
Құрылыс саласында құрылыс жұмыстарының көлемі 2,9 млрд. теңгені құрады, НКИ - 135,8%.
Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 16,5 мың ш.м. немесе 281,7%.
«Шайғазинов» ЖК жеке құрылыс салушымен жалпы ауданы 13,7 мың ш.м. 9 қабатты тұрғын үйді іске қосуы (Ак.Сәтбаев көшесі, 350, 5-тен 1-кезек).
ЖТҮҚ есебінен 2,8 ш. м. енгізілді.
Бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 101,6 мың ш.м. 10 үйдің құрылысы: «Сарыарқа» шағын ауданында 4 үй (№28,33,40,41), «Достық» шағын ауданында 6 үй (5,7,15,16,17,23-нүкте), сондай-ақ жеке инвестициялар есебінен жалпы ауданы 61,7 мың ш.м. 8 үйдің құрылысы («Victory-8» ЖШС Раскова к-сі, 9/2, 9/3, «Капитал-ПВ» ЖШС Ткачев к-сі - Ак. Сәтбаев көшесі, Серікбаева Асия Аблайқызы ЖК Луговая көшесі, 6/1, «УБУНТУ» ЖШС Торайғыров көшесі,¼, Абишева Мамила Мұқашқызы ЖК Абай көшесі, 206, 223, Козтаев Берикбол Назарбекұлы ЖК Астана көшесі, 160/1, «ПВ-Атлант» ЖШС Ак. Сәтбаев көшесі, 182, Умархан Гүлмира Ермекқызы ЖК Ак.Бектұров көшесі, 8/1) құрылысы жүргізілуде.
2. Инвестициялар
Негізгі капиталға инвестиция көлемі 9,7 млрд. теңгені құрады, НКИ 163,7% (2021 ж. 2 айда - 5,5 млрд. теңге).
Инвестициялар құрылымында кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты ең көп үлес салмақты алады – 73,9%, бюджет қаражатының үлесі 18,4% - ды, қарыз қаражаты – 7,7% - ды алады.
3. Шағын және орта кәсіпкерлік
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 31 829 бірлікті (өсімі 3%) құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрған 27 298 бірлік (өсімі 2,9%) жеке кәсіпкерлер 18 956 бірлік (өсімі 2%).
4. Сауда
2022 жылғы қаңтар-ақпанда бөлшек сауда айналымы 37,5 млрд.теңгені (100,3%) құрады.
Көтерме сауда көлемі 45,2 млрд.теңгені (101,9%) құрады.
Қаланың тұтыну нарығында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру үшін:
- 19 топ бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына күнделікті баға мониторингі жүргізіледі (Үкіметтің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысына сәйкес)
- 49 «Әлеуметтік» дүкен жұмыс істейді (оның ішінде 9 дүкен ауылдарда орналасқан).
- өңір өндірушілерімен және көтерме және бөлшек сауда желісімен жасалған 50 Меморандум жұмыс істейді;
- қаланың әлеуметтік дүкендері мен сауда нүктелеріне арзандатылған тауарды жеткізу бойынша «Павлодар» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының жұмысы жүргізілуде.
5. Бюджет
Қала бюджетіне 14 989,5 млн.теңге, жоспар бойынша 14 781,2 млн. теңге немесе 101,4% өз кірістері жұмылдырылды.
2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қала бюджетінің шығыс бөлігі жалпы 100%-ға атқарылды, есепті кезеңге жоспар бойынша 13 554,2 млн.теңге, атқарылуы 13 552,5 млн. теңгені құрады.
2022 жылға арналған қала бюджетінің көлемі жалпы 124 414,2 млн. теңгені құрады.
Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттердің үлес салмағы 10% - ға немесе 12 466,8 млн.теңгеге тең.
6. Әлеуметтік сала
6.1 Еңбек нарығы
Жұмыссыздық деңгейі – 5,0%-ды құрады.
Жұмыспен қамту бөлімінде 1478 жұмыссыз азамат тіркелген.
1128 адам жұмысқа орналастырылды, 41 әлеуметтік жұмыс орындары құрылды, 11 түлек жастар практикасына жіберілді.
Қоғамдық жұмыстарға 338 жұмыссыз қатысты.
2022 жылғы қаңтар-ақпанда жалпы сомасы 58,9 млн.теңгеге 1080 отбасына (4298 адам) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Қала кәсіпорындарымен 431 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде: тұрақты – 41, уақытша – 390.
6.2 Еңбекақы төлеу
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 213 741 теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 116% - ды құрады (статистика бойынша деректер тоқсанына бір рет).
7. Білім беру
Білім беру жүйесіне 46 жалпы білім беретін мектеп (43 - мемлекеттік, оның ішінде ҚАЖ жанындағы 2 мектеп, 46,7 мың оқушы, 1 жеке меншік – 46 оқушы) және 1 оқу-өндірістік комбинат кіреді.
Мектептердің компьютерлік паркі 13,2 мың бірлікті құрайды. Жалпы қала бойынша бір компьютерге 3,5 оқушыдан келеді. Кең жолақты Интернет желісіне барлық мектептер қосылған. Тегін оқулықтармен қамтамасыз ету – 100%.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 83 мектепке дейінгі ұйым (17,7 мың бала) жұмыс істейді, оның ішінде 76 мемлекеттік балабақша және 3 мектепке дейінгі шағын орталық және 787 бала контингенті бар 9 жекеменшік балабақша (6 балабақша - 630 бала, 3 шағын орталық-157 бала) жекеменшік болып табылады.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту облыс бойынша 77%, 2 жастан 6 жасқа дейін 81,7%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100%-ды құрайды.
8. Денсаулық сақтау
Қаланың денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылған: 5 емхана; 2 қалалық аурухана; балаларды оңалтудың қалалық орталығы; қалалық жерде 5 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт, сондай-ақ жеке меншік медициналық мекемелер.
Қала бойынша 2022 жылғы қаңтар-ақпанда 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қатерлі ісіктер көрсеткіштерінің 10,1%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 320,2), ҚЖА-дан өлім-жітім 15,7% - ға (100 мың тұрғынға шаққанда 265,5) төмендегені байқалады.
Нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші тірі туған 1000 балаға 58,3% -ға ұлғайып, 13,3-ті құрады. Ана өлімі тіркелген жоқ. Бұл ретте психикалық бұзылулармен сырқаттанушылық көрсеткіші 74,3% - ға (100 мың тұрғынға 89,6) ұлғайды.
9. Жолдар
Павлодар қаласының автомобиль жолдарының ұзындығы 447,8 км. құрайды, оның ішінде 308,6 км.асфальт - бетон жабынымен және 139,2 км. топырақ жабынымен.
Қала көшелерін, жолдар мен тротуарларды ағымдағы жөндеуге 1000,0 млн.теңге бөлінді.
10. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
Қала бойынша 135 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, оның ішінде 23 қызметтік автокөлігі бар.
122 қоғамдық құрылым, оның ішінде 122 полицияның қоғамдық көмекшілері жұмыс істейді.
«Құқықтық тәртіп», «Жасөспірім», «Автобус», «Күмәнді пәтер», «Тұрмыс» және т. б. жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Тонау 52,9% - ға (17-ден 8-ге дейін), ұрлық 34,1%-ға (258-ден 170-ке дейін), кісі өлтіру 45,5%-ға (11-ден 6-ға дейін), қоғамдық орындарда 18,5% - ға (216-дан 176-ға дейін), көшелерде 13,4% - ға (82-ден 71-ге дейін) төмендегені байқалады. Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы 7,6%-ды (2021 ж. - 9,4%) құрады.
Ағымдағы жылғы қаңтар-наурыз қорытындысы бойынша ЖКО 3,8%-ға (53 - тен 51-ге дейін) төмендегені байқалады, ЖКО кезінде 65 (2021 жылы-66) жараланды, қаза болғандар-5 (2020 жылы-3).
Қала көшелерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін бейнебақылау жүйелері қолданылады.
Қала бойынша бейнебақылау жедел басқару орталығының 117 сыртқы бейнебақылау камерасы арқылы жүзеге асырылады.
Нәтижесінде, қала бойынша бейнебақылау жүйелерінің көмегімен 56 қылмыс ашылды (2021 жылы - 36), 3079 (2021 жылы-3613) әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.