Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Павлодар қаласы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы анықтама

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау бойынша Павлодар қаласы әкімдігімен, әкімдік құрамына кіретін мемлекеттік мекемелермен келесі жұмыстар жүргізілуде.

Тоқсан сайын қала әкімінің төрағалық етуімен жергілікті атқарушы, өкілді және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының өкілдерін шақырумен қалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстары өткізіледі, онда мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есептері тыңдалады.

Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау бойынша жұмыс жүргізілуде. Осыған байланысты, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру үшін келесі үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.

Жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта әлеуметтік жарнама орналастырылады. 2020 жылдың басынан бастап қалада осы бағыт бойынша 15-тен астам билборд орналастырылды.

Бүгінгі күні Павлодар қаласы бойынша келесі мекенжайларда 4 билборд және 1 мурал орналастырылды:

1. Торайғыров к-сі, 44;

2. Естай к-сі – Мәшһүр Жүсіп к-сі;

3. Лермонтов к-сі – Ак. Бектұров к-сі;

4. Торговая к-сі, 4;

5. Мурал Ак. Сәтбаев к-сі, 57 мекенжайында (сыртында).

Қаланың қоғамдық көлігінің 19 мониторында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетілуде.

Билбордтарға арналған эскиздер мен бейнероликтердің мазмұны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментімен келісіледі.

Сондай-ақ, тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасы бойынша қабылданатын шаралар туралы, сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасы мақсатында жергілікті атқарушы органдарда өткізілетін іс-шаралар туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларының сақталуы туралы тақырыптарда семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Мұндай семинарлардың мақсаты мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру болып табылады. Семинарлар Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің және өзге де құқық қорғау қызметтерінің қызметкерлерін қатыстыра отырып өткізілуі мүмкін.

Анықтама ретінде: ағымдағы жылы 510 адамды қамтумен 9 семинар, 11 дөңгелек үстел өткізілді.

Әдеп жөніндегі уәкіл тұрақты негізде қала әкімі аппаратының қызметкерлерімен, жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау бойынша семинар-кеңес өткізеді, оның барысында Әдеп кодексінің нормалары, қызметтік және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлықтың негізгі стандарттары түсіндіріледі.

Бұдан басқа, қала әкімдігінің бірінші басшыларына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 43-бабы 4-тармағына сәйкес қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың дербес құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілер өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапты болатыны ескертілді.

2021 жылдың 12 айында 139 мемлекеттік әкімшілік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде:

- ескерту – 83;

- сөгіс – 35;

- қатаң сөгіс – 7.

Оның ішінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған 81 қызметкер басшылық лауазымдарды атқарады.

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар үшін тәртіптік жауаптылыққа бүгінгі күні 12 адам тартылды, теріс себептермен босатылғандар саны – 2.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды көрсеткіштерінің бірі мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсету жұмысы болып табылады.

Қала әкімдігі бекітілген тізілімге сәйкес тұрғындарға мемлекеттік қызметтің 69 түрін көрсетеді.

2021 жылдың өткен кезеңінде Павлодар қаласының атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтердің 69 түрі бойынша (оның ішінде қағаз тасығышта – 9 түрі, электрондық форматта – 29 түрі және баламалы түрде – 31 түрі) 53 976 қызмет, оның ішінде электрондық түрде – 51 232 қызмет көрсетілді (электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі - 94.9 %).

2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мен тәртібі 4 рет бұзылды.

Жер қатынастары саласында «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің мерзімі 3 рет бұзылды. Жер қатынастары бөлімінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің мерзімі бір рет бұзылды. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Апта сайын Павлодар облысы цифрлық технологиялар басқармасының мемлекеттік қызметтерді дамыту және мониторингілеу бөліміне мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша есеп ұсынылады.

Электрондық мемлекеттік қызметтерді кеңінен жария ету мақсатында фронт-офисте күту залында орналасқан LED панельдерде мобильді азаматтар базасында тіркеу жөніндегі нұсқаулықты пайдалануға қатысты, сондай-ақ телеграмм-бот мессенджері, mGov мобильдік қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға қатысты бейнероликтер тұрақты негізде трансляцияланады, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бейнероликтер көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей байланысын азайту мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі «Open Pavlodar» жобасын іске асырды.

2021 жылы «Open Pavlodar» фронт-офисіне 130 220 адам жүгінді, оның ішінде 75 940 адам мемлекеттік қызмет алды, 54 280 адам мемлекеттік емес мекемелердің кеңестерін, қызметтерін алды.

2019 жылғы 23 мамырда Кривенко көшесі, 25 мекенжайындағы әкімшілік ғимараттың бірінші қабатында «Open Pavlodar» фронт-офисінде «Ashyq kabinet» жобасының ашылуы өтті.

Тұрғындармен өзара іс - қимылдың жаңа форматының басты құраушысы -ашықтық, қолжетімділік және жеделдік болды.

Сонымен қатар, азаматтардың құжаттарын қабылдайтын және оларға кеңес беретін фронт-офистің әрбір қызметкерінің жұмыс орындарында бейнебақылау камералары орнатылған.

Жалпы «Open Pavlodar» жобасында көрсетілген шаралар:

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге;

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен ашықтығын арттыруға;

3. Қызметкерлердің жұмыс уақытын оңтайландыруға және тиімді пайдалануға;

4. Жеке және заңды тұлғаларға бір терезе қағидатымен қызметтер мен консультациялар алу бойынша қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік берді.

Тұрғындардың сұрақтарына шұғыл әрекет етіп, жауап беру мақсатында әлеуметтік Instagram-да (2018 жылғы 3 қыркүйекте) ресми парақша ашылды. Оқырмандар саны 116 мыңнан асады (күніне азаматтардан 50-60 өтініш түседі).

2021 жылы жеке және заңды тұлғалардан 3 458 өтініш келіп түсті (2549 – жеке тұлғалардан, 909 – заңды тұлғалардан).

Жеке қабылдауда 694 адам болды, оның ішінде: 592 адамға түсініктеме берілді, 102 адамның өтініші қанағаттандырылды.

Жеке қабылдау барысында өтініш берушілерге түсініктемелер беріледі, сондай-ақ қолданыстағы заңнама шеңберінде оларды шешу бойынша шаралар қабылданады.

Жеке қабылдау барысында көтерілетін мәселелер тұрақты бақылауда болады.

Бұдан басқа, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия шеңберінде сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту үшін барлық мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сондай-ақ, қала әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды. Қала әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерін құқықтық жаппай оқыту кестесі жасалды, оған сәйкес қазіргі уақытта әкімдіктің барлық мемлекеттік мекемелерінде жаппай оқыту өткізілді.

Жоғарыда аталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысы сол бағытта жалғасатын болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларының сақталуы тұрақты  бақылауда  тұр.

Дата публикации
30 марта 2022
Дата обновления
30 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы