
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ
2021 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ӘЭД-ның негізгі қорытындылары
1. Экономиканың нақты секторы
1.1 Өнеркәсіп
Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 072,2 млрд. теңгені құрады, НКИ - 104,2%.
- Тау-кен өндіру өнеркәсібінің НКИ – 119,4%;
- Өңдеу өнеркәсібінің НКИ – 103,2%;
- Электрмен жабдықтаудың НКИ, бу беру және ауа баптау – 103,4%-ды құрады;
- Сумен жабдықтаудың НКИ; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау – 136,9%.
1.2. Ауыл шаруашылығы
Ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтерінің) көлемі 18 318 млн.теңгені құрады, НКИ – 101% (өсімдік шаруашылығы – 100%, мал шаруашылығы – 102,1%).
Мал шаруашылығы
Ірі қара мал басының саны 6,1 мың басты құрады (2020 ж. 1.12-ге 102,3%), қой - 12,3 мың бас (119,2%), ешкі – 0,9 мың бас (119,6%), жылқы – 3,4 мың бас (110,7%), шошқа – 26,3 мың бас (100,8%), құстар – 537,7 мың бас (85,6%).
Тірі салмақта ет – 1630,5 тонна (99,4%), сүт – 6887,5 тонна (100,3%), жұмыртқа – 137 369,9 мың дана (103,3%) өндірілді.
Азық-түлік өнімдері 79,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, НКИ - 110,3%.
1.3. Құрылыс
Құрылыс саласында құрылыс жұмыстарының көлемі 78,5 млрд. теңгені құрады, НКИ-142,6% (2020 ж. 12 айда - 67,4 млрд.теңге 99,1%).
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 277,1 мың ш.м. немесе 129,8%-ды құрады (2020 ж. 12 айда - 213,7 мың ш. м.).
Өткен жылы жалпы ауданы 147 мың ш.м. 18 тұрғын үй салынды, оның ішінде Сарыарқа шағын ауданында 8 үй (№ 26,34,35,36,37,32,38,39) бюджет қаражаты есебінен, Достық ш/а 5 үй (4,15,16,17,23 - нүкте), «Әуеқалашық» ш.а. 37 үй (37 учаске, 37 пәтер, 2,4-тип) салу және жеке инвестициялар есебінен Естай көшесі, 94, Абай көшесі, 83, Щедрин көшесі, 30/1, Бұқар Жырау көшесі, 144/1, Достоевский көшесі, 16 бойында 5 үй салу.
Мына объектілер бойынша құрылыс жалғасуда:
- Сарыарқа ш. а. жалпы ауданы 25,3 мың ш. м. 3 үй (№ 28, 33, 40);
- Достық ш. а. жалпы ауданы 15,2 мың ш. м, 2 тұрғын үй (5, 7-нүкте) тұрғын үй,
- жеке инвестициялар есебінен жалпы ауданы 65,2 мың ш.м. 5 үйдің құрылысы (Шайғазинов ЖК (5 үй) Ак. Сәтбаев к-сі, 350, «Капитал-ПВ» ЖШС, «УБУНТУ» ЖШС, Қозтаев Беркбол Назарбекұлы, «ПВ-Атлант» ЖШС).
2. Инвестициялар
Негізгі капиталға инвестиция көлемі 213,7 млрд. теңгені құрады, НКИ 148,8 % (2020 ж. 12 айда – 134,7 млрд. теңге 83,2%).
Инвестициялар құрылымында ең үлкен үлес салмақты кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты – 83,4%-ды алады, бюджет қаражатының үлесі 14,3% және қарыз қаражаты – 2,3%-ды құрады.
4. Шағын және орта кәсіпкерлік
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 31 717 бірлікті (3,6%) құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрған 27 213 бірлік (3,4%- ға өсу) жеке кәсіпкерлер 18 919 бірлік (2,8% - ға өсу).
«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 34,8 млрд. теңгеге 1194 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды, оның ішінде:
- жартылай кепілдік беру - 20,6 млрд. теңге сомасына 613 жоба;
- пайыздық мөлшерлемені субсидиялау - 14 млрд. теңге сомасына 567 жоба;
- гранттық қаржыландыру – 45 млн. теңге сомасына 11 жоба;
- 1,1 млрд. теңге сомасына 3 жобаны ИКИ жүргізу.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 5,2 млрд.теңге сомасына 10 жоба мақұлданды. («Ask Med» ЖШС - 70 млн.тг., «Стекломир» ЖШС - 3 млрд. тг. 3 жоба, «Бик» ШҚ - 70 млн. тг. 2 жоба «Жаңа Роса» ЖШС - 639 млн.тг., «Гүлнар» ШҚ - 300 млн. тг. 1 жоба, «Павлодар-құс» ЖШС - 500 млн. тг. 1 жоба, Митфарм ЖШС – 500 млн. тг.).
4. Сауда
Бөлшек сауда көлемі 293,6 млрд. теңгені немесе 100,3%-ды құрады (2020ж.12 айда – 271,6 млрд.теңге 95,4%).
Көтерме сауда көлемі 498,4 млрд.теңгені немесе 101,7%-ды құрады (2020ж. 12 айда – 442,3 млрд.теңге 94,1%).
Қаланың тұтыну нарығында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру үшін:
- 19 топ бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына күнделікті баға мониторингі жүргізіледі (Үкіметтің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысына сәйкес).
- 36 «Әлеуметтік» дүкен жұмыс істейді (оның ішінде 4 дүкен ауылдарда орналасқан).
- өңір өндірушілерімен және көтерме және бөлшек сауда желісімен жасалған 30 Меморандум жұмыс істейді;
- қаланың әлеуметтік дүкендері мен сауда нүктелеріне арзандатылған тауарды жеткізу бойынша «Павлодар» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының жұмысы жүргізілуде.
5. Әлеуметтік сала
5.1 Еңбек нарығы
Жұмыссыздық деңгейі – 5,0%-ды құрады.
Жұмыспен қамту бөлімінде 1431 жұмыссыз азамат тіркелген.
10 006 адам жұмысқа орналастырылды, 8 321 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 193 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды, 162 түлек жастар практикасына жіберілді.
Қоғамдық жұмыстарға 418 жұмыссыз қатысып, алғашқы жұмыс орнына 19 адам жұмысқа орналастырылды.
Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант – 312 қатысушыға 180,3 млн.теңге сомасында берілді. 59 қатысушы 510 млн. теңге сомасына шағын несие алды.
«Бастау бизнес» курстарына - 394 адам, қысқа мерзімді курстарға – 231 адам, ТжКБ – ны кәсіптік даярлауға - 255 адам жіберілді.
- 2228 отбасына (8943 адам) жалпы сомасы 752,5 млн. теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды;
- Кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен жалпы сомасы 135,9 млн. теңгеге 2512 бала қамтамасыз етілді;
- АӘК алушылар болып табылатын аз қамтылған 1933 отбасыға медициналық қобдишалар берілді.
Қала кәсіпорындарымен 5 186 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның ішінде: тұрақты – 3 854, уақытша – 1332.
5.2 Еңбекақы төлеу
2021 жылғы қаңтар-қаңтар ішінде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 204 453 теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 117% - ды құрады (статистика бойынша деректер тоқсанына бір рет).
6. Білім беру
Білім беру жүйесіне 46 жалпы білім беретін мектеп (43 - мемлекеттік, оның ішінде ҚАЖ жанындағы 2 мектеп, 46,7 мың оқушы, 1 жеке меншік – 46 оқушы) және 1 оқу-өндірістік комбинат кіреді.
Мектептердің компьютерлік паркі 13,2 мың бірлікті құрайды. Жалпы қала бойынша бір компьютерге 3,5 оқушыдан келеді. Кең жолақты Интернет желісіне барлық мектептер қосылған. Тегін оқулықтармен қамтамасыз ету – 100%.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 18350 мың баланы қамтитын 87 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 941 бала контингенті бар 73 мемлекеттік балабақша (17027) және жалпы білім беретін мектептер жанындағы 3 мектепке дейінгі шағын орталық (121) және 11 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым (8 балабақша – 822 бала, 3 шағын орталық - 119 бала). Мектепалды даярлықты мектепалды сыныптардағы 261 бала алады.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту облыс бойынша 77%, 2 жастан 6 жасқа дейін 87,5%-ды, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100%-ды құрайды.
7. Денсаулық сақтау
Қаланың денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылған: 5 емхана; 2 қалалық аурухана; балаларды оңалтудың қалалық орталығы; қалалық жерде 5 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт, сондай-ақ жеке меншік медициналық мекемелер.
Қала бойынша 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда АИТВ-инфекциясы көрсеткіштерінің 16,7% - ға (100 мың тұрғынға шаққанда 46,9), қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітімнің 4,6% - ға (100 мың тұрғынға шаққанда 119,6) төмендегені байқалады.
Сонымен қатар, туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың тұрғынға шаққанда 13,8%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 41,1), қан айналымы жүйесінің аурулары 4,2% - ға (100 мың тұрғынға шаққанда 3 634) өскені байқалады. Ана өлім-жітімінің бір жағдайы тіркелді.
8. Жолдар
Павлодар қаласының автомобиль жолдарының ұзындығы 447,8 км. құрайды, оның ішінде 308,6 км.асфальт - бетон жабынымен және 139,2 км. топырақ жабынымен.
Қала көшелерін, жолдар мен тротуарларды ағымдағы жөндеуге 1000,0 млн.теңге бөлінді.
9. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
«Құқықтық тәртіп», «Жасөспірім», «Автобус», «Күмәнді пәтер», «Түнгі қаладағы балалар» және т.б. жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Бұзақылық – 58,6%-ға, тонау – 21,3%-ға, ұрлық – 10,5%-ға, қоғамдық орындарда жасалған қылмыс - 17,7%-ға, жол – көлік оқиғалары – 2,4%-ға, қарақшылық – 15,4%-ға, кісі өлтіру - 26,7%-ға, көшелерде жасалған қылмыс - 23,7%-ға төмендегені байқалады.
443 ЖКО тіркелді (2020 жылы - 454 2,4%-ға төмендеді), ЖКО кезінде 700 жарақат алды (2020 жылы-703 0,5% - ға төмендеді), қаза болғандар 23 (2020 жылы - 15 53% - ға өсті).
Қала көшелерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін бейнебақылау жүйелері қолданылады.
Қала бойынша бейнебақылау жедел басқару орталығының сыртқы бейнені қадағалау 117 камерасы арқылы жүзеге асырылады.
Нәтижесінде, бейнебақылау жүйелерінің көмегімен қала бойынша 150 қылмыс ашылды (2020 жылы - 149), 19 901 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.