Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Павлодар қаласының 2021 жылғы қараша айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ

2021 жылғы қаңтар-қарашадағы ӘЭД-ның негізгі қорытындылары

 

1. Экономиканың нақты секторы

1.1 өнеркәсіп

Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 962 млрд. теңгені құрады, НКИ-105%.

– Тау-кен өндіру өнеркәсібінің НКИ - 130,1%;

– Өңдеу өнеркәсібінің НКИ - 104,1%;

– Электрмен жабдықтаудың НКИ, бу беру және ауа баптау – 103,9%-ды құрады;

– Сумен жабдықтаудың НКИ; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау - 139,7%.

1.2. Ауыл шаруашылығы

Ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтерінің) көлемі 16 970,8 млн.теңгені құрады, НКИ – 91,8% (өсімдік шаруашылығы – 85,8%, мал шаруашылығы – 103%).

Мал шаруашылығы

Ірі қара мал басының саны 5,8 мың басты құрады. (2020 ж.1.12-ге 105,6%), қой - 11,7 мың бас (112,7%), ешкі – 0,7 мың бас (154,4%), жылқы – 2,8 мың бас (114,7%), шошқа – 26,5 мың бас (100,8%), құстар – 571,1 мың бас (93,1%).

Тірі салмақта ет – 1440,5 тонна (99,9%), сүт – 6492,8 тонна (100,3%), жұмыртқа – 126 593,4 мың дана (104,6%) өндірілді.

Азық-түлік өнімдері, 79,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, НКИ-111,2%.

1.3. Құрылыс

Құрылыс саласында құрылыс жұмыстарының көлемі 96,6 млрд. теңгені құрады, НКИ – 153,9% (2020 ж. 11 айда - 59,2 млрд. теңге 120,8%).

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 170,6 мың ш.м. немесе 133,8%-ды құрады. (2020 ж. 11 айда - 127,5 мың ш. м.).

Ағымдағы жылы жалпы ауданы 67,3 мың ш.м. 13 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде Сарыарқа шағын ауданда бюджет қаражаты есебінен 7 үй (№26,34,35,36,37,32,38), Достық ш/а 1 үй (4-нүкте) және жеке инвестициялар есебінен Естай көшесі 94, Абай көшесі 83, Щедрин көшесі 30/1, Бұқар Жырау көшесі 144/1, Достоевский көшесі 16 бойында 5 үй.

Құрылыс жалғасуда:

- «Сарыарқа» ш. а. жалпы ауданы 7,5 мың ш. м.1 үй (№39),

- «Достық» ш. а. жалпы ауданы 64,9 мың ш. м. 4 тұрғын үй салу (15,16,17,23-нүкте);

- «Әуеқалашық» ш. а. жалпы ауданы  6,0 мың ш.м. 37 үй (37 учаске, 37 пәтер) (2,4-тип).

- жеке инвестициялар есебінен жалпы ауданы 20,5 мың ш.м. бір үй салу (Шайгазинов ЖК (5 үй) Ак. Сәтбаев көшесі, 350).

2. Инвестициялар

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 167,6 млрд. теңгені құрады, НКИ 144,4 % (2020 ж. 12 айда - 134,7 млрд. теңге 83,2%).

Инвестициялар құрылымында ең үлкен үлес салмақты кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты – 84,4%-ды алады, бюджет қаражатының үлесі 13,8%-ды және қарыз қаражаты – 1,8%-ды құрады.

3. Шағын және орта кәсіпкерлік

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 31 776 бірлікті құрады (3,7% - ға өсті), оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 27 351 бірлік (5,3% - ға өсті), жеке кәсіпкерлер 19 026 бірлік (4,5% - ға өсті).

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 40,3 млрд. теңгеге 971 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды, оның ішінде:

- жартылай кепілдік беру - 15,1 млрд. теңге сомасына 470 жоба;

- пайыздық мөлшерлемені субсидиялау - 24,1 млрд. теңге сомасына 487 жоба;

- гранттық қаржыландыру – 45 млн. теңге сомасына 11 жоба;

- 1,1 млрд. теңге сомасына 3 жобаны ИКИ жүргізу.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 5,9 млрд.теңге сомасына 16 жоба мақұлданды. («Ask Med» ЖШС - 70 млн.тг., «Стекломир» ЖШС - 3 жоба 3,7 млрд. тг., «Бик» ШҚ - 2 жоба 70 млн. тг. «Жаңа Роса» ЖШС - 650 млн.тг., Павлодар-құс ЖШС - 500 млн.тг , Митфарм ЖШС – 500 млн. тг, «Павлодартұз» ЖШС – 381 млн. тг, «DiMax – PV» ЖШС - 12.7 млн. тг, «Оспанов» ЖК - 15,5 млн. тг, «Хабидулаев» ЖК - 3 млн. тг, «Shugyla» ЖК - 4.2 млн. тг , «Гуджамиля» ЖК - 14 млн. тг, «Медмир – ПВД» ЖШС - 14,6 млн. тг.).

4. Сауда

Бөлшек сауда көлемі 258,2 млрд.теңгені немесе 100%-ды құрады. (2020 ж. 11 айда  - 239,5 млрд. теңге 95,4%).

Көтерме сауда көлемі 432,4 млрд. теңгені немесе 102%-ды құрады. (2020 ж. 11 ай  - 386,9 млрд. теңге 92,6%-ды).

Қаланың тұтыну нарығында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру үшін:

- 19 топ бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына күнделікті баға мониторингі жүргізіледі (Үкіметтің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысына сәйкес)

- 36 «Әлеуметтік» дүкен жұмыс істейді (оның ішінде 4 дүкен ауылдарда орналасқан).

- өңір өндірушілерімен және көтерме және бөлшек сауда желісімен жасалған 30 Меморандум жұмыс істейді;

- қаланың әлеуметтік дүкендері мен сауда нүктелеріне арзандатылған тауарды жеткізу бойынша «Павлодар» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының жұмысы жүргізілуде.

5. Әлеуметтік сала

5.1 Еңбек нарығы

Жұмыссыздық деңгейі – 5,0%-ды құрады.

Жұмыспен қамту бөлімінде 9 082 жұмыссыз азамат тіркелген.

8 230 адам жұмысқа орналастырылды, 7 448 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 185 әлеуметтік жұмыс орындары құрылды, 162 түлек жастар практикасына жіберілді.

Қоғамдық жұмыстарға 418 жұмыссыз қатысып, алғашқы жұмыс орнына 18 адам жұмысқа орналастырылды.

Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант – 281 қатысушыға 162,9 млн.теңге сомасында берілді. 59 қатысушы 510 млн. теңге сомасына шағын несие алды.

«Бастау бизнес»  курстарына  -  394 адам, қысқа мерзімді курстарға – 231 адам, ТжКБ – ны кәсіптік даярлауға - 247 адам жіберілді.

- 2228 отбасына (8946 адам) жалпы сомасы 544,6 млн. теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды;

- Кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен жалпы сомасы 113,9 млн. теңгеге 2512 бала қамтамасыз етілді;

- АӘК алушылар болып табылатын аз қамтылған 1933 отбасыға медициналық қобдишалар берілді;

Қала кәсіпорындарымен 5 178 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде: тұрақты – 3 854, уақытша – 1324.

5.2 Еңбекақы төлеу

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 204 453 теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 117% - ды құрады (статистика бойынша деректер тоқсанына бір рет).

6. Білім

Білім беру жүйесіне 46 жалпы білім беретін мектеп (43 - мемлекеттік, оның ішінде ҚАЖ жанындағы 2 мектеп, 46,7 мың оқушы, 1 жеке меншік – 46 оқушы) және 1 оқу-өндірістік комбинат кіреді.

Мектептердің компьютерлік паркі 13,2 мың бірлікті құрайды. Жалпы қала бойынша бір компьютерге 3,5 оқушыдан келеді. Кең жолақты Интернет желісіне барлық мектептер қосылған. Тегін оқулықтармен қамтамасыз ету – 100%.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 18350 мың баланы қамтитын 87 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 941 бала контингенті бар 73 мемлекеттік балабақша (17027) және жалпы білім беретін мектептер жанындағы 3 мектепке дейінгі шағын орталық (121) және 11 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым (8 балабақша – 822 бала, 3 шағын орталық-119 бала). Мектепалды даярлықты мектепалды сыныптардағы 261 бала алады.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту облыс бойынша 75,8%, 2 жастан 6 жасқа дейін 82,2%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100%-ды құрайды.

7. Денсаулық сақтау

Қаланың денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылған: 5 емхана; 2 қалалық аурухана; балаларды оңалтудың қалалық орталығы; қалалық жерде 5 дәрігерлік амбулатория,  2 медициналық пункт, сондай-ақ жеке меншік медициналық мекемелер.

Қала бойынша 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылықтың 19% - ға төмендегені байқалады. Аталған көрсеткіш 2551,4 (2020 жылы – 3148,9), АИТВ-жұқпасы 17,1%-ға 100 мың тұрғынға шаққанда 47,9-ды құрады     (2020 жылы - 57,8).

Сонымен қатар онкологиялық сырқаттанушылық көрсеткішінің 2,6%-ға өсуі байқалады, бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 1958,8 (2020 жылы – 1909,3) құрады, туберкулезбен сырқаттанушылық 19,4% - ға артты, көрсеткіш 40,1 (2020 жылы - 33,6) құрады.

8. Жолдар

Павлодар қаласының автомобиль жолдарының ұзындығы 447,8 км. құрайды, оның ішінде 308,6 км.асфальт - бетон жабынымен және 139,2 км. топырақ жабынымен.

Қала көшелерін, жолдар мен тротуарларды ағымдағы жөндеуге 1000,0 млн.теңге бөлінді.

9. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

«Құқықтық тәртіп», «Жасөспірім», «Автобус», «Күмәнді пәтер», «Түнгі қаладағы балалар» және т. б. жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Бұзақылық – 70,6%-ға, тонау – 25,7%-ға, ұрлық - 12,1%-ға, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру - 3,5% - ға, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар - 1,4% - ға, жол-көлік оқиғалары - 4%-ға төмендегені байқалады.

391 ЖКО тіркелді (2020 жылы - 454 2,4%-ға төмендеді), ЖКО кезінде жараланғандар 555  (2020 жылы - 703 6% - ға төмендеді), қаза болғандар 23 (2020 жылы-15 53% - ға өсті).

Қала көшелерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін бейнебақылау жүйелері қолданылады.

Қала бойынша бейнебақылау жедел басқару орталығының сыртқы бейнені қадағалау 117 камерасы арқылы жүзеге асырылады.

Нәтижесінде, қала бойынша бейнебақылау жүйелерінің көмегімен 138 қылмыс ашылды (2020 жылы - 132), 18 402 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді (2020 жылы - 23 512).

Дата публикации
15 декабря 2021
Дата обновления
15 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы