
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ
ӘЭД-ның 2021 жылғы қаңтар-тамыз ішіндегі негізгі қорытындылары
1. Экономиканың нақты секторы
1.1 Өнеркәсіп
Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 666,1 млрд. теңгені құрады, НКИ - 112,1%.
- Тау-кен өндіру өнеркәсібінің НКИ – 170,6%;
- Өңдеу өнеркәсібінің НКИ – 101,5%;
- Электрмен жабдықтаудың НКИ, бу беру және ауа баптау – 102,9 %-ды құрады;
- Сумен жабдықтаудың НКИ; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау – 154,1%.
1.2. Ауыл шаруашылығы
Ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтерінің) көлемі 6277,3 млн.теңгені құрады, НКИ – 100,2% (өсімдік шаруашылығы – 95,6%, мал шаруашылығы – 101,9%).
Мал шаруашылығы
Ірі қара мал басының саны 6,2 мың басты құрады (2020 ж. 1.09-ге 105,7%), қой - 12,4 мың бас. (109,6%), ешкі – 1,8 мың бас (140,4%), жылқы – 3,0 мың бас (113,6%), шошқа – 26,4 мың бас (99,8%), құстар – 534,9 мың бас (85,1%).
Тірі салмақта ет – 1017 тонна (93,6%), сүт – 5134,2 тонна (101,3%), жұмыртқа – 91139,3 мың дана (104,6%) өндірілді.
Азық-түлік өнімдері 51,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, НКИ - 113,5%.
1.3. Құрылыс
Құрылыс саласында құрылыс жұмыстарының көлемі 44,4 млрд. теңгені құрады, НКИ-142,6%.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 70,9 мың ш.м. немесе 101,2%-ды құрады (2020 ж. 8 айда - 70,1 мың ш. м.).
Анықтама ретінде:
А.ж. мамыр айында жалпы ауданы 29,5 мың ш. м. 6 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен Сарыарқа шағын ауданында 4 үй (№26,37,32,38) және жеке инвестициялар есебінен Естай көшесі, 94 және Абай көшесі, 83 бойында 2 үй.
Мына объектілер бойынша құрылыс жүргізілуде:
- Сарыарқа ш. а. жалпы ауданы 40,0 мың ш. м. 6 үй (№ 28, 33, 34, 35, 36, 39)
- Достық ш. а. жалпы ауданы 86,6 мың ш. м. 7 (1,4,12,15,16,17,23-нүкте) тұрғын үй, оның ішінде ӘКК Павлодар ҰК АҚ 1,12 арқылы екі үй салу;
- «Әуеқалашық» ш. а. – 6,0 мың ш.м. (2,4- тип) 37 үйдің (37 учаске, 37 пәтер) құрылысы.
- Павлодар пед. колледжі жанындағы жатақханасы - 4,1 мың ш. м;
- жеке инвестициялар есебінен жалпы ауданы 57 мың ш.м. 4 үйдің құрылысы (Шайгазинов ЖК (5 үй) Ак. Сәтбаев к-сі, 350, К.Д. Хасенов ЖК Щедрин к-сі, 30/1, Павлодарэнерго АҚ Ткачев к-сі, 18/1 бойында, А. А. Молшин ЖК Бұхар Жырау к-сі, 144/1).
2. Инвестициялар
Негізгі капиталға инвестиция көлемі 121,6 млрд. теңгені құрады, НКИ 198,7% (2020 ж. 8 айда – 58,5 млрд. теңге 104,2%).
Инвестициялар құрылымында ең үлкен үлес салмақты кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты – 85,1%-ды алады, бюджет қаражатының үлесі 13,9% және қарыз қаражаты – 1,0%-ды құрады.
Кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында «POCCDORCOM» ЖШС-да инвестициялар көлемі - 8,0 млрд.теңге, 120 жұмыс орнын ашумен ыстық мырыштау өндірісін ұйымдастыру бойынша жобаны іске қосу жоспарлануда.
3. Шағын және орта кәсіпкерлік
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 31 392 бірлікті (102,6%) құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрған 27 138 бірлік (5,8%- ға өсу) жеке кәсіпкерлер 18 890 бірлік (4,9% - ға өсу).
«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 34,8 млрд. теңгеге 803 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды, оның ішінде:
- жартылай кепілдік беру - 13,1 млрд. теңге сомасына 365 жоба;
- пайыздық мөлшерлемені субсидиялау - 20,6 млрд. теңге сомасына 425 жоба;
- гранттық қаржыландыру – 45 млн. теңге сомасына 10 жоба;
- 1,1 млрд. теңге сомасына 3 жобаны ИКИ жүргізу.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 3,9 млрд.теңге сомасына 7 жоба мақұлданды. («Ask Med» ЖШС - 70 млн.тг., «Стекломир» ЖШС - 3 млрд. тг. 3 жоба, «Бик» ШҚ - 70 млн. тг. 2 жоба «Жаңа Роса» ЖШС - 639 млн.тг.).
4. Сауда
Бөлшек сауда көлемі 172,2 млрд. теңгені немесе 100,1%-ды құрады (2020ж.8 айда – 160,2 млрд.теңге 92,7%).
Көтерме сауда көлемі 273,6 млрд.теңгені немесе 102,3%-ды құрады (2020ж. 8 айда – 250 млрд.теңге 89,8%).
Қаланың тұтыну нарығында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру үшін:
- 19 топ бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына күнделікті баға мониторингі жүргізіледі (Үкіметтің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысына сәйкес).
- 36 «Әлеуметтік» дүкен жұмыс істейді (оның ішінде 4 дүкен ауылдарда орналасқан).
- өңір өндірушілерімен және көтерме және бөлшек сауда желісімен жасалған 30 Меморандум жұмыс істейді;
- қаланың әлеуметтік дүкендері мен сауда нүктелеріне арзандатылған тауарды жеткізу бойынша «Павлодар» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының жұмысы жүргізілуде.
5. Әлеуметтік сала
5.1 Еңбек нарығы
Жұмыссыздық деңгейі – 5,0%-ды құрады.
Жұмыспен қамту бөлімінде 2325 жұмыссыз азамат тіркелген.
5765 адам жұмысқа орналастырылды, 5097 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 146 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды, 124 түлек жастар практикасына жіберілді.
Қоғамдық жұмыстарға 398 жұмыссыз қатысты.
Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант – 160 қатысушыға 93,3 млн.теңге сомасында берілді. 33 қатысушыға 279,1 млн. теңге сомасында микрокредиттер берілді.
«Бастау бизнес» курстарына - 390 адам, қысқа мерзімді курстарға – 231 адам жіберілді.
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - 2110 отбасына (7915 адам) жалпы сомасы – 418,6 млн. теңгеге тағайындалды;
- Кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен 2422 бала жалпы сомасы 74,0 млн. теңгеге қамтамасыз етілді;
- АӘК алушылар болып табылатын 1641 аз қамтылған отбасыға медициналық қобдишалар берілді;
Қала кәсіпорындарымен 4450 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде: тұрақты - 3221, уақытша – 1229.
5.2 Еңбекақы төлеу
2021 жылғы қаңтар-маусым ішінде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 201 744 теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 116,4% - ды құрады (статистика бойынша деректер тоқсанына бір рет).
6. Білім беру
Білім беру жүйесіне 46 жалпы білім беретін мектеп (43 - мемлекеттік, оның ішінде ҚАЖ жанындағы 2 мектеп, 46,7 мың оқушы, 1 жеке меншік – 46 оқушы) және 1 оқу-өндірістік комбинат кіреді.
Мектептердің компьютерлік паркі 13,2 мың бірлікті құрайды. Жалпы қала бойынша бір компьютерге 3,5 оқушыдан келеді. Кең жолақты Интернет желісіне барлық мектептер қосылған. Тегін оқулықтармен қамтамасыз ету – 100%.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 83 мектепке дейінгі ұйым (17,7 мың бала) жұмыс істейді, оның ішінде 76 мемлекеттік балабақша және 3 мектепке дейінгі шағын орталық және 787 бала контингенті бар 9 жекеменшік балабақша (6 балабақша - 630 бала, 3 шағын орталық-157 бала) жекеменшік болып табылады.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту облыс бойынша 75,8%, 2 жастан 6 жасқа дейін 81,7%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% құрайды.
7. Денсаулық сақтау
Қаланың денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылған: 5 емхана; 2 қалалық аурухана; балаларды оңалтудың қалалық орталығы; қалалық жерде 5 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт, сондай-ақ жеке меншік медициналық мекемелер.
Қала бойынша 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қан айналымы жүйесі аурушаңдығының 20%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 2660,4), қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші 20,3% - ға (100 мың тұрғынға шаққанда 108,5) төмендегені байқалады. Ана өлім-жітімі тіркелген жоқ.
Сонымен қатар қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіштерінің 27,6%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 378,5), туберкулезбен сырқаттанушылық 20,1% – ға (100 мың тұрғынға шаққанда 38,8) өскені байқалады.
8. Жолдар
Павлодар қаласының автомобиль жолдарының ұзындығы 447,8 км. құрайды, оның ішінде 308,6 км.асфальт - бетон жабынымен және 139,2 км. топырақ жабынымен.
Қала көшелерін, жолдар мен тротуарларды ағымдағы жөндеуге 1000,0 млн.теңге бөлінді.
9. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
«Құқықтық тәртіп», «Жасөспірім», «Автобус», «Күмәнді пәтер», «Түнгі қаладағы балалар» және т.б. жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Тонау 5,7%-ға (53-тен 50-ге дейін), ұрлық 11,5%-ға (798-ден 706-ға дейін), бұзақылық 56,5%-ға (23-тен 10-ға дейін), көшелерде 9,6%-ға (198-ден 217-ге дейін) төмендегені байқалады. Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы 10,2%-ды құрады (жоспар-18,0).
217 ЖКО тіркелген (2020 жылы – 254, 14,6%-ға төмендеген), ЖКО кезінде жарақат алғандар 286 (2020 жылы – 349, 18,1%-ға төмендеген), қаза болғандар 13 (2020 жылы -7, 85,7% - ға өскен).
Қала көшелерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін бейнебақылау жүйелері қолданылады.
Қала бойынша бейнебақылау жедел басқару орталығының сыртқы бейнебақылау камераларының 117-сі арқылы жүзеге асырылады.
Нәтижесінде, қала бойынша бейнебақылау жүйелерінің көмегімен 112 қылмыс ашылды (2020 жылы – 89), 12983 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді (2020 жылы - 18374).