Павлодар

Меню

Страницы

Статья

«Балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімдеу Павлодар қалалық орталығы» КММ-нің жұмысы туралы» ақпарат

Мемлекеттік мекеме Павлодар облысы әкімдігінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі № 85/4 «облыстық дағдарыс орталығын құру туралы» қаулысымен құрылды, 2005 жылы мекеме «Тұрақты баспанасы жоқ, балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімдеу Павлодар қалалық орталығы» ММ болып қайта аталды.

Павлодар қаласының әкімдігі коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады. Мемлекеттік басқару органы - "Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"мемлекеттік мекемесі.

Орталық Қамзин көшесі, 20\1 мекенжайы бойынша орналасқан. Ғимарат бір қабатты, 1974 жылы салынған. Жалпы ауданы 294,3 ш.м., уақытша болу бөлімшесі Осипенко к-сі, 5 мекенжайы бойынша орналасқан.

Басшысы: Кузнецова Надежда Викторовна. Директор лауазымында 2021 жылғы 1 қарашадан бастап жұмыс істейді.

Орталықтың қызметін қаржыландыру 013 - "Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша, 015 - Жергілікті бюджет қаражаты есебінен және 032-бағдарлама бойынша қосымша ҚР Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен жүзеге асырылады. 2021 жылға арналған сома-63434,0 құрайды.

Мекеменің штат саны мен құрылымы орталықтың жарғылық қызметін, қажеттілігін ескере отырып және ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Уақытша болу ұйымдарындағы персоналдың ең төменгі штат нормативтері, уақытша болу жағдайларында Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты негізінде әзірленді.

Орталықтың штаттық саны 35 бірлікті құрайды.

Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты мен мәніөмірде қиын жағдайға душар болған балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімдеу болып табылады.,

Мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Орталық мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) өмірлік қиын немесе дағдарысты жағдайға тап болған адамдарға сенім телефоны арқылы шұғыл психологиялық, консультативтік заң, әлеуметтік көмек көрсету.

2) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға психологиялық, заңдықкүндізгі консультациялар режимінде, әлеуметтік көмек пен қызметтер көрсетуді ұсынуды қамтиды.

3) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және отбасын әлеуметтік бейімсіздіктің профилактикасы жөніндегі ақпараттық қызмет жатады.

4) өмірлік қиын жағдайға тап болған балалары бар әйелдерге уақытша баспана беру.

Баспана 53 адамды қабылдауға арналған. Бірнеше жылдан берібаспана да тұрушылардың орташа көрсеткіші 35-40 адамды құрайды. Қазіргі уақытта 39 адам тұрады (15 әйел/24 бала).

Мемлекеттік мекеменің баспанасына кәмелетке толмаған балалары бар, белгілі бір тұрғылықты жері және өмір сүру қаражаты жоқ, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық нәтижесінде, өз бастамасы бойынша да, уәкілетті органның жолдамасы бойынша да жүгінген әйелдер қабылданады. Баспанада тұру мерзімі 1 жылға дейін.

Жұмыстар келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

Бірінші бағыт – тұрмыстық жанжалдар мен басқа да дағдарыстық жағдайларды шешуде Сенім телефоны арқылы шұғыл консультациялық психологиялық, заңдық және әлеуметтік көмек көрсету. Сенім телефоны шұғыл психологиялық жағдайларда жауап береді, анонимдік құқығын сақтай отырып көмектеседі.

Жыл басынан 783 өтініш келіп түсті.

Екінші бағыт-отбасы ХҚКО-ның жұмысы, балалары бар әйелдер мен өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар үшін. Оған мыналар кіреді:

- Павлодар қаласының тұрғындарына орталық мамандарымен: заңгер, психолог, әлеуметтік қызметкермен бетпе-бет кеңес беру. Мамандардың барлық кеңестері тегін, жасырын және құпия түрде беріледі. Жыл басынан бері 418 адам көзбе-көз өтініш білдірген.

- Отбасылық кеңес-372 адам.

- Барлық ақпараттық-профилактикалық жұмыстар кіретін профилактика кабинеті. Орталықтың профилактикалық жұмысы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен жұмыс жасау арқылы отбасылық қолайсыздықтың алдын алуға бағытталған. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды анықтау және олармен жұмыс істеу үшін зорлық-зомбылық құрбандарын бізге жіберетін Денсаулық сақтау мекемелері, ішкі істер, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру органдары сияқты барлық мүдделі қызметтермен байланыс орнатылды.

- Отбасылық медиация кабинеті-Павлодар қалалық сотымен бірлесіп 2021 жылғы 26 тамызда ашылды, өтеусіз негізде кәсіби медиатор ТТЖ-ға келген азаматтарды қабылдайды. Барлығы 186 жұп немесе 372 адам жүгінді.

- Оқу шеберханалары-2 кабинет, онда мамандық таңдауды және одан әрі жұмысқа орналастыруды анықтау мақсатында әр түрлі мамандықтар бойынша мастер-кластар өтеді.

- Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топтың инспекторларымен бірлесіп, қатыгез іс-әрекеттің және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында қолайсыз отбасылар бойынша профилактикалық рейдтер жүзеге асырылады.

- Отбасылық қолайсыздықтың алдын алу мақсатында 2009 жылдан бастап орталықтың психологы "жас отбасы мектебінде" АХАТ бөлімінде жас отбасыларға кеңес береді - 65 адам жүгінді.

- 2021 жылғы 6-12 қыркүйек аралығында Отбасы күніне орай бірқатар іс-шаралар өткізілді: заңгерлердің, судьялардың, медиаторлардың онлайн консультациялары, ата-аналарға арналған онлайн семинар, 29 жасқа дейінгі жас отбасылар арасындағы конкурс; 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы өткізілді, оның мақсаты кез келген зорлық-зомбылықты болдырмау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу болды.

- Жыл басынан бастап үйдегі зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында агрессорларға арналған 5 тренинг өткізілді.

- Үшінші бағыт - әлеуметтік бейімдеу орталығының баспанасы 1 жылға дейінгі мерзімге уақытша тұруға (үйсіз адамдар, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары), өмірлік қиын жағдайға тап болған: тұрғын үйсіз қалған, оның ішінде зорлық-зомбылық әрекеттері нәтижесінде және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ әйелдер мен кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге арналған.

Қазіргі уақытта 53 төсек-орынға арналған қосымша ғимарат жұмыс істейді, бұрын 18 төсек-орын болған. Баспана секторларға бөлінген: екі изолятор, көп балалы отбасыларға арналған сектор, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған сектор, 1-2 баласы бар отбасыларға арналған сектор, кір жуатын орын, ас блогы, асхана, балалар ойын бөлмесі, балалар жатын бөлмесі, заманауи санитариялық торап және себезгі бөлмесі, психологиялық жеңілдету кабинеті бар.Қазіргі уақытта 39 адам тұрады - 15 әйел және 24 бала. Уақытша болу баспанасына қабылданған кезде қажетті қызметтердің түрі мен көлемін көрсете отырып, қамқорлыққа алынушылармен жеке жұмыс жоспары әзірленеді. Жыл басынан бері 150 адам тұруға өтініш білдірді. Оның 59-ы әйел, 91-і бала.

Әйелдер мен балаларға әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақыларды ресімдеуге көмек көрсетіледі; уақытша тіркеуді, жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу, әлеуметтік тұрғын үй алу үшін құжаттар пакеті ресімделеді, жұмысқа орналасуға және кәсіптік қайта оқуға жәрдем көрсетіледі.Тәрбиеші балалармен және аналармен жұмыс істейді, оның жұмысы отбасылық қатынастардың құндылығына бағытталған, аналармен және балалармен бірлескен іс-шаралар өткізеді. Сондай-ақ, тәрбиеші ата-анасы болмаған кезде балалармен айналысады, сол арқылы әйелдер жұмыс іздей алады, шағын бақшаға 10 бала барады."Балалар үйі" КММ-мен бірлесіп Мектепке дейінгі мекемеге тегін негізде баспанада тұратын балаларға бару ұйымдастырылды, қазіргі уақытта 5 бала қамтылды.

Әлеуметтік бейімдеу орталығының баспанасында болған уақытта қамқорлықтағылар Психодиагностика нәтижелері негізінде орталық психологы әзірлеген жеке бағдарлама бойынша Психодиагностика мен психологиялық оңалту курсынан өтеді.Отбасындағы зорлық-зомбылық түрін қабылдаудың алдын алуға бағытталған балалармен түзету жұмыстары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары, сот жүйесі, денсаулық сақтау өкілдерімен үнемі консультациялық кездесулер өткізіліп тұрады. 2021 жылы отбасылармен жан-жақты жұмыс жасау нәтижесінде алты әйел отбасына оралды.

Орталықтың тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмысы нәтижесінде 2021 жылы 10 қорғау нұсқамасы шығарылды; 65 адаммен алдын-алу әңгімелері өткізілді.

2021 жылы негізгі міндет Отбасылық ХҚКО ашу болды. 2021 жылдың мамыр айында отбасылық ХҚКО ашылды, барлығы 1039 адам жүгінді, оларға заңгер, психолог, әлеуметтік қызметкерлер мен медиаторлардың көмегі көрсетілді."Мектепке жол" акциясы аясында қамқорлыққа алынғандар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға демеушілермен мектеп формасы және кеңсе тауарлары арқылы көмек көрсетілді. Баспанадан 19 отбасы және отбасылық ХҚКО жүгінген 5 отбасы көмек алды.

Дата публикации
06 января 2022
Дата обновления
06 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы