
Орталық 220 орынға шағымдалған және кәмелетке толған,арнаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандардың уақытша бір жылға дейін тұруына арналған.
Мекеме келесі арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетеді: тұрмыстық, медициналық, психологиялық, құқықтық, еңбекпен қамту, мәдениеттік, экономикалық.
Орталыққа адамдар өз еркімен немесе қалалық ауруханалардың, қала тұрғындарының,
жергілікті полиция қызметкерлерінің өтініші бойынша қабылданады.
2021 жылда орталыққа 287 адам қабылданған, оның ішінде 238 ер адам, ал 49- әйел.
Қызмет алушылар үшін біздің мекемеде барлық жағдай жасалған: тұрмыстық көмек көрсету, алғашқы медициналық көмек, құжаттандыру, зейнетақы мен жәрдемақысын рәсімдеу, тұрақты немесе жалдамалы жұмысқа орналастыру, тіркеуге қою, туыстық қатынастарын қалпына келтіру.
2021 жылда қызмет алушыларға көрсеткен арнаулы әлеуметтік көмектер:
- 36 қызмет алушы тұрақты жұмысқа орналастырылды, ал 39 адам жалдамалы жұмыспен қамтылды.
- 39 адам құжаттарын қалпына келтірді
- 123 адам тіркеуге қойылды
- 40 қамқоршыға зейнетақы мен жәрдемақы тағайындалды
- 38 адам бас бостандығынан айыру мекемесінен қабылданды
- 10 адам отбасына оралып, туыстарымен қайта табысты
- 25 зейнеткер қарттар үйіне тұрақты мекенге орналастырылды
- мобильді әлеуметтік патрульмен ортылыққа 62 адам қабылданған
Атап айтқан жұмыстар әрі де жалғасын табуда.
2019-2021 жылдары мекеменің 2, 3 және 4 қабаттарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қызмет алушылардың тұрмыстық жағдайлары біршама жақсарды.
Орталықта санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталуда, Қызмет алушылар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.
Мекемеде мобильді әлеуметтік патруль қызметі жұмыс жасайды. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға олардың көшеде өмір сүру орындарында көмек көрсетед. Құрамында 4 адам бар: жүргізуші, әлеуметтік қызметкер, фельдшер және диспетчер.
Көп адамдар қалыпты жағдайын өзгертуге тырыспайды, жұмысқа орналасып, өмірде өз орнын табуға құлшыныс жасамайды.
Біз адамдарға дұрыс бағыт- бағдар көрсетуге тығырықтан шығатын жол сермеуге тырысамыз, ал ол көмекті дұрыс қабылдау – қызмет алушыға байланысты.