Павлодар

Меню

Страницы

Статья

«Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп

2021 жылғы 1 қарашада Павлодар қаласы әкімдігінің қаулысымен Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ ашылды.

Орталық зейнеткерлік жастағы - өзіне қызмет көрсету және белсенді жүріп-тұру қабілетін сақтаған азаматтардың демалысын ұйымдастыру мен түрлі іс-шаралар өткізуді қоса алғанда, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық және өзге де қызметтер көрсетуге арналған.

Орталықтың негізгі міндеттері әлеуметтік-мәдени демалыс пен оқытуды ұйымдастыру, демалысты ұйымдастыру, дәрілік емес сипаттағы сауықтыру іс-шараларын ұсыну, азаматтардың белсенді өмір салтын қолдау, әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру, мүмкін болатын еңбек қызметіне тарту болып табылады. Қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және интеграция деңгейін арттыруға бағдарланған әлеуметтік қызметтер көрсету.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы сіздің қызметіңізге: қызығушылық клубтары (жүзу, йога, айкуне, би, ән айту, шахмат, теннис, үй шаруашылығы, компьютерлік сауаттылықты зерттеу, арт-терапия, заңгерлердің, медиаторлардың және т.б. тегін кеңестері). Белсенді зейнеткерлерді ынтымақтастыққа шақырамыз!

Есептік кезеңде 357 арнаулы әлеуметтік қызмет, 197 зейнеткерге көрсетілді. Қызығушылықтары бойынша 17 клуб ұйымдастырылған және жұмыс істейді.

Жоспарға сәйкес 10 іс-шара өткізілді – Павлодар облысы ардагерлер кеңесінің ІІБ және ҰҰ ардагерлері арасында жүзуден жарыс - 13 адам.

«Ұрпақтар сабақтастығы» бағдарламасы бойынша ҚР ІІМ оқу орталығында жас курсанттармен семинар да өткізілді, 5 кеңес берілді, сондай-ақ ардагер-белсенділер жас курсанттармен жұмыс тәжірибелерімен бөлісті және Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы туралы айтып берді, өмірлік қиын жағдайда жүрген және көмек қажет адамға қалай көмектесу керектігін, қандай қызметтерге жүгіну керектігін айтты. Іс-шара Павлодар қаласы ПБ ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобымен және балалары бар әйелдерге арналған бейімдеу орталығымен, сондай-ақ ардагерлермен-ұзақ өмір сүру орталығының белсенділерімен бірлесіп өткізілді.

«Жас қанат» жасөспірімдер үйінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Бауырсақ-пати» атты бауырсақ пісіру бойынша шеберлік сыныбы өткізілді, тоқылған қолғаптар, шұлықтар, жилеттер, тәттілер сыйға тартылды.

2 челлендж өткізілді #Казахстанбезнасилия, #Здоровая нация- Успешный Казахстан.
Біздің мекенжайымыз Павлодар қ. Астана155, тел. 8 707 160 44 16, «Замандас» ғимараты.

Дата публикации
06 января 2022
Дата обновления
06 января 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы