Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет көрсету есебі

2019  жылы  Павлодар  қаласының  атқарушы органдарымен   мемлекеттік  қызмет  көрсетудің 112  түрі  бойынша  153 954 қызмет, оның ішінде   меморган  арқылы 23 269,  меморган  арқылы, бірақ   ЭҮП   және  (немесе)  Мемлекеттік  корпорация  арқылы  көрсетілуі  мүмкін -5 043, Мемлекеттік  корпорация  арқылы  – 28 734, электронды   түрде – 92 035, Е-әкімдік  және  Е-Лизензиялау  арқылы – 4873 қызмет  көрсетілді. Электронды  мемлекеттік  қызмет көрсету    пайызы - 76,4 %  құрады.

2019  жылдың    бекітілген   жоспарларына  сәйкес,  мемлекеттік  қызмет    көрсету  аясында  Қазақстан  Республикасының   заңнамасын   сақтау үшін барлығы 15  бақылау  іс-шарасы  өткізілді.

Бақылау  іс-шаралары  барысында 56  бұзушылық  айқындады,   олардың:

- 3   бұзушылық  мемлекеттік  қызмет  көрсету  мерзімдерін;

- 16 бұзушылық  мемлекеттік  қызмет  көрсету  мерзімін;

-  5   бұзушылық  фактісі өзге талаптарды;

- 34  бұзушылық  фактісі қызмет алушылардан  құжаттарды талап етуде оларды ұсыну мемлекеттік  қызмет  стандартымен  регламенттелмеген.

Бақылау   іс-шараларының  қорытындысы  бойынша 53  ұсыным жасалған,  олар орындалған.

Жергілікті  атқарушы органдармен  тұрақты негізде  мемлекеттік  қызмет көрсету  сапасын арттыру жұмысы   жүргізілуде, оның ішінде электронды қызметтің  сапасын   арттыру.

1. Мемлекеттік қызмет  көрсету   кезінде  бірыңғай   тәсілді  жасау.

 Қалалар мен аудандар   әкімдерінің қызмет берушілеріне  практикалық және  әдістемелік көмек  көрсету  мақсатында  2019  жылдың   сәуір айынан  бастап облыс әкімі  аппаратымен МҚАД бірлескен  Павлодар  қаласы  әкімдігі  мемлекеттік    мекемелері қызметкерлерінің   қатысуымен бекітілген  жоспар-кестеге  сәйкес оқу  семинарлары  өткізілді. 

Сондай-ақ, семинарларға қызмет көрсету үрдісінде тікелей  тартылған  қызметкерлер,  сондай-ақ,   облыстық  басқармалар дың  және «НИТ» ОАТО АҚ  өкілдері  қатысты.

Семинарлар  барысында  мамандарға мемлекеттік қызметтер  туралы  НҚА  ережелерін  түсіндіруден басқа  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  кезінде қатыстырылған   ақпараттық жүйелерді  қолдануға  практикалық оқыту   жүргізілді.

Осы  семинарлардың  негізгі  мақсаты алдымен, сол  мемлекеттік қызметтерді  немесе  басқа    қызметтерді    көрсету  кезінде   бірыңғай  тәсілдерді қолдану,  сондай-ақ қалалық  және  аудандық  әкімдіктердің   әріптестері  алдында тәжірибемен   алмасу.  

2. Сапалы ішкі  бақылау- мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын арттырудың   басты  негізі

Сапалы ішкі  бақылауды  қамтамасыз ету  мақсатында Павлодар қаласы  әкімдігі  мемлекеттік  мекемесінің  қызметкерлері облыстық  әкімдіктің  бақылау  іс-шараларына қатыстыру  жолымен  мемлекеттік   қызметтер  көрсетудің  сапасына  ішкі  бақылау  жасау  бойынша тағылымдамаларға қатысты.

Тағылымдамалардың осындай  түрі ішкі  бақылау  бойынша    мамандарға  шынайы мысал келтірумен оқытып қана қоймай (есеп беруді  қалыптастырудағы  бұзушылықтар) әріптестерімен тәжірибе  алмасуға ықпал етті.

Осы  негізде, жергілікті  атқарушы  органдар  сапалы  ішкі  бақылауды толық қамтумен  қамтамасыз  етті.  Ішкі  бақылау  жүргізілген  қызмет  берушілердің нәтижесі  ретінде,   алда  бұзушылықтарға  жол  берілмейді.

3. Шынайы уақыт  режимінде мемлекеттік  қызмет  көрсету  мерзімдеріне  бақылау

Мемлекеттік  қызмет  көрсету  сапасына күнделікті  мониторинг кезінде  қала әкімі  аппаратының   ішкі  бақылау жұмысының  басты  негізі «Мониторинг» ИИС   ақпараттық жүйесі  болып  табылады.

Осы жүйе  мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша  қызмет  берушілердің  атқарушылық тәртібіне шынайы  уақытты  бақылауға   мүмкіндік  береді. Жүйе мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  әрбір  сатын қадағалап  отыруға, сондай-ақ, қызмет  көрсетуде бұзылып  қалу  айқындалған  жағдайда, белгілінген  өтінім  бойынша жұмысты жеделдету  қажеттілігі туралы   ішкі     бақылау  маманына уақытылы  ескертіледі.

Сондай-ақ,  тұрғындарға  мемлекеттік  қызмет  көрсету мерзімдерін  бұзуға  жол  бермеу  мақсатында, әкімнің  жетекшілік  ететін  орынбасарлары  мен аппарат  басшысының  лауазымдық  нұсқаулықтарында   қызметтің  жетекшілік ететін    салаларына  мемлекеттік  қызмет  көрсетудің сапасына  жауапкершілік  белгіленген. 

Қызмет алушылар үшін   қолайлы  жағдайлар    жасау  жұмысы 

Мемлекеттік  қызметтер  ұсыну  аясында  тұрғындармен  мемлекеттік  қызметшілердің  тікелей қатынасын  төмендету   мақсатында  Павлодар  қаласы  әкімдігімен    «Open Pavlodar» жобасы  әзірлеген.

«Open Pavlodar»  фронт  офисі (903ш.м.)  2019 жылдың  бсында  іске  асырылды, оған 12 мекеме  орналастырылған, онда 29 адам Павлодар  қаласының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Бұл жоба бір алаңда  мемлекеттік органдардың шоғырлануымен, Цифрлы қызмет көрсету  орталығы,  Медиация  орталығы,  Бірыңғай  есептік  орталық (касса),  сондай-ақ  кәсіпкерлерке қызмет  көрсету  залы  орналасқан,  онда барлық қаржылық институттар  мен  екінші  деңгейдегі банкттер  жинақталған.  Бұдан басқа,    осы  залда  коммуналдық  төлемдер   қабылданатын  және кәсіпкерлер  мен  қалалықтар  үшін  техникалық жағдайлар жұмысын  жүргізетін коммуналдық кәсіпорын  бар.

2019  жылы «Open Pavlodar» фронт  офисіне  212 932 адам  жүгінген, оның 76 447адамы мемлекеттік қызмет алған, 136 485 адам консультациялар,   қаржы институттары  қызметтері мен  мемлекеттік емес мекемелердің қызметтерін алған. 

Фронт офисте   6 зал   бар:

1. Мемлекеттік қызмет  көрсету  залы;

2. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету залы;

3. Цифрлық қызмет көрсету залы (ХҚО);

4. Қоғамдық қабылдау (Ashyk kabinet);

5. Өздігінен қызмет алу залы;

6. Күту залы. (Қолайлы болу  үшін  кондиционер,    ішетін суымен  куллер   қойылған,  балаларымен келген  клиенттер үшін балалар  аймағы    бар).

Бірінші.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  залына- 103 145 адам  жүгінген, оның 37 019-ы   мемлекеттік  қызмет алған,  66 126-дан адамға ауызша  консультация  берілген.

Екінші. Кәсіпкерлерге  қызмет  көрсету залы – консультациялар,   қаржы институттары  қызметтері мен  мемлекеттік емес мекемелердің қызметтерін  1 335   адам алған.

Үшінші.   «Павлодарэнергосбыт» ЖШС  есептік   кассасына-  9 357  адам  жүгінген,  оның 7 424 –і  төлемдер,  ауызша  консультация  – 1 933.адам  алған.

Төртінші. Медиация  орталығы –  72 адамға  қызмет  көрсетіліп, заңды консультация  алды.

Бесінші. Өздігінен   қызмет алу залына – 19 500адам  жүгінген, ,  олар    құжаттарын тегін  көбейтуді  қолданған.

Алтыншы. Цифрлық қызмет  көрсету  залына 74 425 адам  жүгінген,  оның 39 428 электронды   үлгіде,   34 997 ауызша консультация  алған.

Жетінші.  Қоғамдық қабылдауға  – 5 098 түсті (3965 – жеке  тұлғалардан, 1124 – заңды тұлғалардан).

5. Түсіндірме жұмысы

Мемлекеттік  қызмет  көрсетулердің  тәртібі  мен  мерзімдеру  туралы   азаматтарды   хабардар етуді арттыру,  сондай-ақ «электронды  үкімет»  веб-порталын  кеңінен тарату    мақсатында  2019  жылдың  басында    «Нұр Отан» партиясы  филиалы  мен МҚА және СЖД  бірлескен   «KEDERGISIZ QYZMET»   жобасын  іске  асыру  бойынша іс-шаралар  жоспары   бекітілді.

2019 жылы   29 түсіндірме  іс-шаралары  өткізілді (түрлі   акциялар, Мемлекеттік  қызмет  көрсету жәрмеңкелері, ашық есік  күндері, БАҚ  жарияланымдар)  879 адам  қамтылды.

Электронды  мемлекеттік  қызмет  көрсетулерді кеңінен тарату  мақсатында фронт-офистегі күту  залында  орналасқан LED панелдерде   тұрақты негізде  азаматтарды  базада  тіркеу  нұсқаулығын  жұмыста  қолдануға  қатысты,  сондай-ақ телеграм-бот,  eGov mobile мобильді  қосымшасы  арқылы  мемлекеттік  қызметті  алу    бойынша бейнероликтер трансляциясы, сол сияқты сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  бейнероликтер жүріп  тұрады.

Бұдан  басқа  Павлодар қаласында қоғамдық  көліктерде бейнероликтер трансляциясы жүргізіліп  тұрады.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасын табуда және тұрақты  бақылауда  болады.

Дата публикации
20 марта 2020
Дата обновления
20 марта 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы