
Ленин кенті Павлодар қаласынан республикалық маңызы бар Павлодар – Нұр-сұлтан магистралінің оңтүстігіне қарай 12 км жерде орналасқан.
Кент 1914 жылы құрылған.
2022 жылғы 1 қаңтарға халықтың жалпы саны 20-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілі болып табылатын 10026 адамды құрайды (жұмыспен қамтылған халық - 6135, өздігінен жұмыспен қамтығандар - 61, еңбекке жарамсыз халық - 3819, зейнеткерлер - 1211, жастар - 1429).
Шағын және орта кәсіпкерлік
Кент аумағында 9 ЖШС (оның ішінде Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 3 кәсіпорын: «Рубиком» ЖШС, «МК Евразия-Агро» ЖШС, «Group KSN» ЖШС) және 125 ЖК жұмыс істейді. 2021 жылы кент орталығында «Инмарт» супермаркеті, «Мега планета» киім және аяқ киім дүкені, өз қаражаты есебінен «Гурман», «Хлеб Сдоба» азық-түлік дүңгіршектер-павильондары ашылды, грант есебінен ЖК «Машрапова», «Айсұлтан» азық-түлік дүкенін ашты.
Сауда, ауыл шаруашылығы
Кентте «Инмарт» және «Кулинария» дүкендерінде 2 әлеуметтік бұрышы жұмыс істейді, онда тұрақтандыру қорынан өнімдер төмендетілген бағамен сатылады, сондай-ақ халықты ауыл шаруашылық өнімдерімен өндірушілер бағалары бойынша қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізілді.
398 үйде жеке қосалқы шаруашылық бар. 2021 жылғы статистикалық есепке сәйкес мал мен құс басының саны келесі: ІҚМ – 634, жылқы – 390, ҰҚМ – 735, шошқа – 172, құс – 2301 құрайды. Павлодар қаласының ветеринариялық станциясының мамандарымен ауыл шаруашылық малдарға сібір жарасынан, құтыруға және басқа да ауруларға қарсы жоспарлы вакцинациялау жүргізілді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Кенттің сумен жабдықтау желілеріне «Горкомхоз модернизация жилья» ЖШС қызмет көрсетеді.
«Горкомхоз модернизация жилья» ЖШС ауыз су беру қызметінің тарифі ҚҚС-сыз мөлшерде бекітілді:
- халық үшін - 139,40 теңге/м3;
- басқа тұтынушылар үшін - 315,0 теңге/м3.
«Горкомхоз модернизация жилья» ЖШС «Ленин кенті әкімінің аппараты» ММ-мен бірлесіп шарттар жасау, есепке алу құралдарын орнату және пломбалау бойынша жұмыстар жүргізді.
Ленин кентінің орталық сумен жабдықтау жүйесіне 2009 (83%) жеке аула, Ақсу қ. Айнакөл ауылының 250 үйі қосылған.
Кент тұрғындарын уайымдататын өзекті мәселелердің бірі – көктем-жазғы кезеңде орталық су құбыры бойынша үздіксіз су беруді қамтамасыз ету мәселесі. Бұл мәселені шешу үшін «Ай-Су Мелиорация» ЖШС мердігерлік ұйымымен 2021 жылғы шілдеде Ленин кентін орталық сумен қамтамасыз ету станциясын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілді. №1, 4, 5 ұңғымаларында 3 тереңдік сорғылары және тоған буладырғышының шаймалық сорғысы ауыстырылды, тазарту жабдықтарында химиялық шаю жүргізілді. Барлық тұрғындарды тиісті мөлшерде ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су айдауыш мұнарасын орнату, іске қосу-жөндеу жұмыстары және су сүзу көлемін 65 м3-ден 130 м3-ге дейін ұлғайтуға арналған қондырғыны қайта бағдарламалау жұмыстары жүргізілді. Кент тұрғындарына ауыз су үздіксіз беріледі.
Сондай-ақ кент аумағында 3 КБМ (баламалы су көздері) жұмыс істейді. «Елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша КБМ ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (сорғылар, мембраналар ауыстырылды). Ленин кентінің сорғы станциясында 1450 00,0 т сомасына №20 фидерде бірінші кірмесін ауыстыру және жөндеу жүргізілді. Орталық сумен жабдықтау магистралі бойынша 96 люк ауыстырылды.
Кент жолдарының жалпы ұзындығы 67 км құрайды, оның ішінде:
- асфальт жабындымен - 46,8 км;
- ұсақтас жабындысымен - 1 км;
- топырақты жолдар - 19,2 км.
2021 жылы «ИНЭК Қазақстан» ЖШС мердігерлік ұйымымен 143 733 228,80 т.сомасында ұзындығы 4,8 км кенттің 9 көшесіне орташа жөндеу жүргізілді (Абылай хан (Солнечная), Торайғыр би (Элеваторная), Керуен (Клубная), Бұқар жырау (Целинная), Қабанбай батыр (Урожайная), Гаухар батыр (Пионерская), Сарашайық, Қалқаман, Мақажанов көшелері).
2020-2021 жылдардағы жол-жөндеу жұмыстарының нәтижелері бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайда орналасқан жолдардың үлесі 50% - ды құрайды . Бұл көрсеткіш жалпы ұзындығы 25 км (30 көше) жол жөндеу жұмыстарын жүргізу есебінен қолжетімді болды.
Қазіргі жағдайдың талдауын басшылыққа ала отырып ағымдағы жылы №38 автобус бағыты бойынша шұңқырларды жөндеу және 19 км (12 көше) жолдарды орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі анық.
Жалпы ұзындығы 45 км болатын 32 көшеде жарықтандыру бар, жарығы жоқ көшелер саны - 24, кент көшелерінің 43% пайыздық қатынаста жарықтандырылмаған.
Электр жабдықтарының ағымдағы жөндеу жұмыстарын «СтройЛЭП-монтаж» ЖШС орындады. Кенттің сыртқы жарықтандыру электр беру желілеріне қызметті «ИмперияБекПВ» ЖШС мердігерлік ұйымы шартқа сәйкес 5048,0 мың теңге сомасында қызмет көрсетті.
Отырар көшесінде жалпы 1458,0 м. т. сомасында сыртқы жарықтандыру орнату жасалды.
Кенттің 6 көшесіне (Молдағұлова, Көкжиек, Ш.Уәлиханов, Макаренко, Жангельдин, ж. Аймауытов) сыртқы жарықтандыруды орнату бойынша жобалы-сметалық құжаттамалар әзірленді және 20 көшеге сметалық құжаттама бар. Кенттегі 2 қосалқы станция бар(Ленин және Потанин), жалпы КТП саны - 48 дана, оның ішінде 13-сі «Ленин кенті әкімінің аппараты» ММ-нің теңгерімінде. ӘЖ-0,4 электр беру желілерінің ұзындығы 110 км-ден астам, оның 90 км. «ПРЭК» АҚ теңгерімінде, 20 км. біздің теңгерімде.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару «АдалЛогистикКом» ЖШС кәсіпорнымен 31.01.2020 жылғы жария шарт және жеке және заңды тұлғалармен жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылды.
Жолаушылар тасымалын «№1 автобус паркі» ЖШС, №38 автобус бағыты жүзеге асырады. Орташа қозғалыс аралығы 30 минут, сапарлар саны - 5. Сондай-ақ, «Ақсу-Ленин кенті» микроавтобусы күніне 4 рет жүреді.
Павлодар қаласының құрылыс бөлімімен 322 жер теліміне «Ленин кентінің ЖТҮҚ сумен және электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы» ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді.
Абаттандыру
ЖӨБ шешіміне сәйкес кентті абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша келесі іс-шаралар өткізілді:
- Космонавтов 22, Калкаманская, Нәдіров, Айдагольская, Шолохов-Молдағұлова, Құрманғазы тұйық көшелерінде ұсақтас төсеу жұмыстары 0,550 м. 316964,0 мың теңге сомасына жүргізілді;
- Балалар ойын алаңдары Жасыбай батыр және Алтынсарин көшесінде 3995,0 мың теңге сомасында орнатылды;
- 55 дана көлемінде жол белгілері және жасанды ойлы-қырлылықтар (9 дана) ЖПБ нұсқамасына сәйкес 3000,0 мың теңге сомасында орнатылды;
- Балалар ойын алаңдарын ағымдағы жөндеуі 990,0 мың тг. сомасында;
- Гүлбақтар отырғызу (82 шаршы метр алаң) 446,4 мың теңге сомасында;
- ҚТҚ-ға бұталы қоршау отырғызу 3490,0 мың теңге сомасында;
- Жолдарды қыста күту 1458,0 мың тг. сомасында;
- Қар тазалау және шығару 2750,0 мың тг. сомасында;
- Еріген қар суын сору - 1300,0 мың теңге.;
- Шөп шабу 1870,0 мың теңге сомасында;
- Аумақты санитарлық тазалау 3456,0 тг. сомасында.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505 бабына сәйкес ЖПҚ-мен қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 107 хаттама жасалды.
Бюджет
Павлодар қаласының бюджетін нақтылауды ескере отырып, 2021 жылға арналған жеке қаржыландыру жоспарының жылдық сомасы 408578,0 мың теңгені құрады, бұл пайыздық қатынаста 100,0%-ды құрайды.
Салықтық түсімдер - 20136,4 мың теңге;
Салықтық емес түсімдер - 660,0 мың теңге;
Субвенциялар - 170242,0 мың теңге;
Ағымдағы мақсатты трансферттер - 2095,6 мың теңге;
Әлеуметтік сала
Кентте тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында әкім аппараты 59 отбасына, оның ішінде 236 адамға мемлекеттік АӘК ресімдеуге жәрдем көрсетті.
Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №523/70 шешіміне сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарынан 239 өтініш берушіге қатты отын сатып алуға біржолғы төлемді ресімдеуге көмек көрсетілді, оның ішінде - 149 жалғыз тұратын зейнеткер, 53 көп балалы отбасы, 19 жалғыз тұратын мүгедек және 18 аз қамтылған отбасы.
Сондай-ақ, 67 адам басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша өтініш білдіріп, олардың мәселелерін шешуге көмек көрсетілді.
Есептік жылы «Еңбек» бағдарламасына 42 адам қатысты. Бизнес Бастау бойынша 18 адам оқудан өтті, оның ішінде 16 адам грант алды, 9 адам қысқа мерзімді оқудан, 5 адам жастар практикасынан өтті, 11 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.
Космонавттар көшесі, 22 5 қабатты үйінде 2021 жылдың сәуір айында оңтүстік өңірлерден қоныс аударушыларға «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша (29 отбасы) пәтерлер берілді.
ҰОС Жеңіс күніне және Қарттар күніне «Рубиком» ЖШС-мен 91 тыл еңбеккерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға азық-түлік қалталары түрінде демеушілік көмек көрсетілді. Жаңа жыл қарсаңында айрықша мұқтаждығы бар балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға «Мирс Плюс» ЖШС демеушілік қолдауымен жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.
Білім
Кентте 2 мектепке дейінгі ұйым, 3 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді.Оқыту және тәрбиемен 1341 оқушы, 952 мектеп жасына дейінгі балалар қамтылған. Балабақшаларға 203 бала барады. 124 педагог жұмыс істейді.
Жан басына қаржыландыру аясында №33 мектепте 3197,6 м.т. сомасына футбол алаңына ағымдағы жөндеу жүргізілді, оқушылар жиһазы сатып алынды.
Жергілікті бюджет есебінен № 32 ЖББМ 17000,0 мың теңге сомасына блок-модульді қазандық сатып алынды және орнатылды, №31 ЖББОМ қосымша қатты отынды қазандық орнатылды.
ДЕНСАУЛЫҚ сақтау
Ленин кентіне медициналық қызмет көрсетуді Павлодар қаласының №3 емханасының дәрігерлік амбулаториясы жүзеге асырады. Барлығы медициналық қызметкерлердің саны 5 дәрігер (ЖПД), 16 орта медициналық қызметкер.
Амбулатория тұрғындарға 8294 адам санында қызмет көрсетеді. Диспансерлік есепте тұрғандардың саны – 1955 емделуші. 2021 жылы медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту үшін амбулаторияда кепілдік берілген тегін медициналық көмек көрсету көлемінде және міндетті әлеуметтік сақтандыру шеңберінде емделушілерді тегін емдік дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін дәріхана пункті ашылды.
2021 жылғы 1 ақпаннан бастап халықты вакцинациялау белсенді жүргізілуде, барлығы тиісті контингенттен 4259 адам егілді, бұл 71,3% - ды құрайды.
Бүгінгі күннің негізгі міндеті – кенттегі эпидемиологиялық жағдайды жақсарту, атап айтқанда:
1. Халыққа жаппай вакцинациялау жүргізу, бүгінгі күні 1-ші компонентпен 4964 адам (68,2%) егілді, оның ішінде 4630 адам (63,6%) толық курстан өтті.
2. Ashyq жүйесі бойынша барлық бизнес субъектілері жұмыс істейді.
Мәдениет және спорт
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, М.Мақатаевтың 90 жылдығы, Дина Нұрпейісованың 160 жылдығын мерекелеу аясында 30 іс-шара өткізілді.
Рухани жаңғыру жобасы шеңберінде 20-дан астам іс-шара өткізілді.
Кент аумағында «SUNQAR» дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істейді, онда волейбол, баскетбол, бокс, қазақ күресі, ұлттық ойындар (тоғызқұмалақ), үстел ойындары (дойбы, шахмат), үстел теннисі, фитнес өткізіледі.
Халықты дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.
Кент спортшыларының командалары облыстық және қалалық біріншіліктерге қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Біздің жерлесіміз Милана Аюпова қыздар арасындағы бокстан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Азаматтардың өтініштері
Есепті кезеңде «Ленин кентінің аппараты» ММ 56 өтініш түсті, оның ішінде: заңды тұлғалардан - 3 (2020 жылы - 12) – 75 %, жеке тұлғалардан - 53 (2020 жылы - 83) - 33%. Түскен өтініштерді талдауы өзекті мәселелердің азайғанын көрсетеді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру үшін әкім аппараты әлеуметтік желілерде, Instagram, WhatsApp желілерінде белсенді жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, бір жыл ішінде Ленинский кенті әкімінің WhatsApp 193 өтініш, Instagram 158 өтініш, сондай-ақ 109 қызмет арқылы 19 өтініш келіп түсті, оларға жедел шаралар қабылданып, жазбаша жауаптар мен түсініктемелер берілді. Бұл алаңдар бізге өтініштерге жедел және тиімді жауап беруге мүмкіндік беріп, азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерінің қысқаруының нәтижесі болды.
2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Ленин кенті әкімінің аппараты» ММ ғимаратының бірінші қабатында «Open Leninski» сервистік орталығы қызмет жасап, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету, e-gov порталы арқылы ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алуға, медициналық ұйымға тіркелуге жәрдемдесу, АӘК өтініш беру және басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүзеге асырылады.
Жер қатынастары
Қалалық жер комиссиясында 60 материал қаралды. «Ленин кенті әкімінің аппараты» ММ тұрақты жер пайдалануға жер учаскелерін ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілді, мемлекеттік актілер алынды: су айдауыш ұңғымаларын, сүзілу алаңдарын, Космонавтов көшесі, 22 үйінің қазандық жылу желілерін орналастыру және қызмет көрсету үшін. Сондай-ақ Ленин кенті бойынша табиғи жем-шөп алқаптарын геоботаникалық зерттеулері әзірленді. Қалалық мәслихаттың шешімімен жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілді.
Құқық бұзушылықтарды алдын алу және қылмысқа қарсы күрес
Ленин кентінің әкімшілік учаскесіне Павлодар қ. ПБ Солтүстік ПБ ЖПҚБ №8 ПБ қызмет көрсетеді. Штат бойынша – 4 қызметкер: УПИ-3, учаскелік полиция инспекторы және УПП қызметін ұйымдастыруға жауапты бос қызмет орындары. Есеп беру кезеңінде кент аумағында 18 қылмыс тіркелді, оның ішінде 10 қылмыс ашылды.
«Жұртқа жақын полиция» қағидатын іске асыру мақсатында кент орталығында Мақажанов көшесі бойынша полицияның модульдік учаскелік пункті орнатылды.
504 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1283,3 мың теңгеге айыппұл салынды, 794,8 мың теңге өндірілді.
2022 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР
Кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін 2022 жылы келесі міндеттерді орындау жоспарлануда:
1) Кентті абаттандыру және инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шаралар:
- Кенттің 6 көшесіне сыртқы жарықтандыруды орнату – Ш. Уәлиханов, Жангелдин, Аймауытов, Макаренко, Молдағұлова, Көкжиек;
2) Ішкі кенттік жолдарды асфальттау бойынша жұмыстарды жалғастыру.
- Кент жолдарының ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу бойынша жұмыстар жүргізу;
3) Космонавтов көшесі, 22 үйдің ауласына балалар алаңын орнату;
- Іргелес аумақта абаттандыру жұмыстарын жүргізу.
4) Жаңа зиратқа қоршау және кірме жол салу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
5) Жергілікті бюджеттің кіріс көздерін толықтыру;
6) Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша белсенді шараларына тұрғындарды тарту.