
2021 жылы Жетекші ауылының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары келесі көрсеткіштермен сипатталады.
Бюджет
2021 жылға арналған бюджет көлемі 180 086,0 мың теңгені құрады. Трансферттер сомасы 76 855,0 мың теңгені, субвенциялар - 91 357,0 мың теңгені, бюджеттік қаражатының бос қалдықтары – 3 816,0 мың теңге, салықтық емес түсімдер – 50,0 мың теңгені құрады.
Есепті кезеңде салық түсімдерінің сомасы 9 288,4 мың теңгені (жоспар 8 008,0 мың теңге) немесе 116% құрады.
Бюджеттің шығыс бөлігі 100% - ға орындалды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
2021 жылы «Инэк» ЖШС мердігерлік ұйымымен 2 көшеде: Орда көшесі (0,700 км), Ш.Уәлиханов көшесі (0,600 км) жалпы сомасы 27 858,0 мың теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2021 жылдың мамыр айында «Дастан Логистик» ЖК 1 050,0 мың теңге сомасына ұзындығы 10,0 км асфальт жабыны жоқ жолдарды грейдерлеу жүргізілді.
Қысқы кезеңде «ОКС-Павлодар» ЖШС 3 400,9 мың теңге сомасына ұзындығы 26,5 км жол жиектерін қар үйінділерінен және жүру бөлігін тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді.
2021 жылы жалпы сомасы 768,8 мың теңгеге ағаш отырғызу, гүл егу, шөп шабу жұмыстары жүргізілді.
«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы аясында ауылда 4 бейнекамера орнатылды (Орда көшесі бойынша 1-ші кіру, Санияз би көшесіндегіаялдама, Аймауытов көшесі бойындағықоқыс тастайтын жер, Бәйтерек көшесі, 18).
«Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 1 744,0 мың теңге бөлінді. Ауыл аумағында санитарлық тазалау, стихиялық қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жүргізілді, 80,0 тонна қоқыс шығарылды, ауылдық қоқыс үйінділерінде 30 тонна қоқыс шығарылды.
«Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 7 294,6 мың теңге сомасына жұмыстар жүргізілді. 2021 жылы Қобыланды батыр көшесі бойынша 26 көше шамдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді, Мәметова көшесі бойынша қосымша 12 тірек орнатылды, көше жарықтарына ағымдағы жөндеу жүргізу және қызмет көрсету.
Сонымен қатар, ауыл әкімдігінің мамандарымен «Красноармейка» ҚС №4 фидерінің ӘЖ-10квт ұзындығы 12 км№71 тіректен № 210 тірекке дейін иесіз желінің сәйкестендіру құжаттарын ресімдеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Құрылысы
«Мехколонна №59» құрылыс-монтаж фирмасы» ЖШС мердігерлік ұйымымен 100 орындық шағын орталығы бар 300 орындық мектеп құрылысы аяқталуда.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жалғасуда. 11 көшеде 19 км магистральдық құбыр салынды, 663 нүкте қосылды, 355 құдық, 61 өрт гидранты, 200 текше метрге 2 резервуар орнатылды.
Кәсіпкерлік, сауда
2021 жылы Жетекші ауылында Кенесары хан көшесінде азық-түлік дүкені ашылды («Мұқашева» ЖК), 2 жаңа жұмыс орны құрылды. Қобыланды батыр көшесі бойындағы дүкен жаңғыртылды («Старжинский» ЖК), 3 жаңа жұмыс орны құрылды.
Негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдау мақсатында есепті кезеңде ауылда 2 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Алаш Орда көшесіндегі ауыл шаруашылық жәрмеңкесін тұрақты негізде орналастыру үшін жер телімі анықталып, эскиздік жоба әзірленді.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 5 қатысушыға өтеусіз негізде жалпы сомасы 2 900,0 мың теңгеге (мал өсіруге, сұлулық салонын ашуға, ТҚС) мемлекеттік гранттар берілді.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы жануарларының негізгі басы жеке аулаларда ұсталады. Статистикалық есептілікке сәйкес 2021 жылы мал мен құс саны: ІҚМ - 682, жылқы - 315, ҰММ - 1302, шошқа – 16, құс-958 құрады. «Павлодар құс» ӨК ЖШС-де-398 000 құс бар. Көктемгі-күзгі кезеңде жануарларды вакцинациялау бойынша ветеринариялық-профилактикалық жұмыстар уақтылы жүргізілді.
Есептік кезеңде 138 қаңғыбас ит ұсталды.
Әлеуметтік сала
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қала кәсіпорындарына 17 адам жұмысқа орналастырылды («Крендель» ЖШС, «Атриум» ЖШС, «№ 1 автобус паркі» ЖШС, «Туркей PVL» ЖШС және басқалар). Жетекші ауылының тұрғыны қысқа мерзімді курстардан өтіп, «Фирма INSTALL-Строй» ЖШС-не жұмысқа орналасты. 7 адам «Бастау Бизнес» бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтті.
Жоғарыда аталған бағдарлама бойынша Оңтүстік Қазақстан облысынан 2 (11 отбасы) қоныс аударушылар тұрақты тұруға келіп, әр отбасы көтерме ақыларын алды.
Үйде әлеуметтік көмекті 15 жалғыз тұратын зейнеткер алады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 19 отбасына (98 адам) төленеді.
2021 жылда келесі азаматтардың жекелеген санаттары әлеуметтік көмек алды:
- қатты отынды сатып алу үшін материалдық көмекті 25 адам, білім, мәдениет, спорт, ветеринария, көп балалы, аз қамтылған отбасылар және т.б;
- 12 аптаға дейін дәрігерлік мекемеге есепке тұрған 3 жүкті әйелге көмек көрсетілді;
туберкулезбен ауыратын 29 адамға, 1 ЖИТС, 8 онкологиялық науқастар, 8 мүгедек әйелдер 18 жасқа толмаған балалары бар, 1 бас бостандығынан айырылған.
Ауыл тұрғындары «Инватакси» қызметін 200 рет пайдаланған.
Білім
Жетекші ЖОМ – де 464 оқушы (оның ішінде мектепалды даярлық сыныптарында-34), шағын орталықта – 47 оқушы оқиды. Шағын орталықта 2 топ жұмыс істейді (толық болатын топ және қысқа мерзімді болатын топ).
Жетекші ЖОМ -нің ұжымында 48 педагог жұмыс істейді, оның ішінде: жоғары білімді - 41, орта-арнайы - 7.
Денсаулық сақтау
Жетекші ауылында «Павлодар қаласының № 3 емханасы» ШЖҚ КМК құрылымдық бөлімшесі болып табылатын дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді.
Дәрігерлік амбулаторияда ересектер мен балаларды қабылдауға арналған кабинеттер, егу кабинеті, таңу кабинеті, күндізгі стационарға арналған 3 төсек-орын бар. Дәрігерлік амбулатория күн сайын 25-40 адамға қызмет көрсетеді. 2021 жылы ауылда 48 бала дүниеге келді.
Халықты Covid-19-ға қарсы вакцинациялау мақсатында халықпен вакцинация және ревакцинация қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы тұрақты негізде жүргізіледі. Жетекші ауылында барлығы 1 499 адам вакцинациялауға жатады, оның ішінде I компонентпен – 1 468 адам (97,9%), II компонентпен - 1 278 адам (85,3%) вакцинацияланды. 2022 жылдың 1 қаңтарына 135 адам қайта вакцинацияланды.
Мәдениет және спорт
Есеп беру кезеңінде «Жетекші ауылы әкімі аппаратының Мәдени ойын-сауық орталығы» МКҚК 54 іс-шара өткізілді, оның 50-онлайн режимінде өтті, қатысушылардың жалпы саны 14000-нан астам қаралым.
Ауылдық кітапхананың кітап қоры 7889 дана кітапты құрайды, 2021 жылы кітап қоры 194 данамен толықтырылды. Бір жыл ішінде келушілер саны 4 000 құрады.
Халықты дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі. «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жетекші ауылында 2021 жылдың ақпан айында «AQ JUREK» дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды және ашылды. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде спорттың 11 түрі (баскетбол, волейбол, үстел теннисі, дзюдо, қазақкүре, тоғызқұмалақ және басқалары) бойынша 14 секция жұмысы ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда секцияларда әртүрлі жас санаттарындағы 248 адам айналысады. Есептік кезеңде 18 спорттық іс-шара өткізілді. Тәрбиеленушілер спорттың әртүрлі түрлері бойынша қалалық турнирлер мен спартакиадаларға қатысты (қыздар арасында дзюдодан турнир, Нұр-сұлтан Қ.самбодан қалалық турнир, тоғызқұмалақтан қалалық турнир, Павлодар қ., Ленинский к. және т. б.).
Жетекші ауылында барлығы 900-ден астам адам дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысады, бұл барлық ауыл халқының 34% - ын құрайды.
Қоғамдық-саяси жағдай
2021 жылы Жетекші ауылы әкімі аппаратының жұмысы жалпы ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілігін жақсартуға, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға, ауылхалқының әлеуметті косалтоптарын қолдауға және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға бағытталған.
2021 жылдың 5 қыркүйегінде алғаш рет ауыл әкімінің сайлауы өтті. Сайлауға 1163 адам қатысты (73,8%). 2 кандидат қатысты: «NurOtan» партиясынан, өзін-өзіұсынғандар.
Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды бағыттардың бірі әкімдіктің жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлескен жұмысы болып табылады, оның құрамына 21 адам кіреді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі міндеті ағымдағы мәселелер бойынша шешімдер қабылдау, ауыл тұрғындарының көпшілігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. 2021 жылы жергілікті қоғамдастық мүшелерімен 10 жиналыс өткізілді, 4 шығу жүзеге асырылды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті нығайту.
Ауылда екі учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді. Тірек пункті ұйымдастыру техникасымен, телефонмен жабдықталған, қызметтік автокөлігі бар.
Жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторымен ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігі бойынша 58 әкімшілік хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұлды өндіріп алмай (ескерту) 30 әкімшілік хаттама толтырылып, 2 адам ЕПМ-ге емделуге жіберілді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін ауыл көшелерінде 16 бейнебақылау камерасы арқылы бейнебақылау жүйелері қолданылады, олардан бейнелер Жетекші ауылының тірек пунктіне және әкімдігіне шығарылады.
Азаматтардың өтініштері, мемлекеттік қызметтер.
2021 жылы ауыл әкімінің тұрғындармен онлайн форматта есеп беру кездесуі өткізілді, оның барысында азаматтар 5 ескерту мен ұсыныс жасады, оның ішінде 2 ескерту мен ұсыныстар бойынша түсіндіру берілді, есептік кездесу барысында 3 бақылауға алынды.
Жетекші ауылы әкімінің аппаратына барлығы 9 өтініш келіп түсті, 4 жеке қабылдау өткізілді. Сондай-ақ, WhatsApp тобы арқылы 67, әлеуметтік желілер арқылы 25 өтініш келіп түсті.
Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша келіп түсті. Барлық өтініштер бақылауға алынды, жауаптар заңнамада белгіленген мерзімде берілді.
2021 жылы 23 нотариаттық іс-әрекет жасалды.
Есепті кезеңде 40 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту - 4, сауда - саттықты, конкурстар мен аукциондарды өткізуді талап етпейтін жер телімдеріне құқықтарды алу - 21, жер телімін алуға кезекке қою-15.