Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Павлодар ауылының әкімі С.Т. Рушановтың есеп беру баяндамасының тезистері

2021 жылға Павлодар ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары келесі көрсеткіштермен сипатталады.

Бюджет

Есепті кезеңде салық түсімдерінің көлемі 22 479,0 мың теңгені (жоспар 21 572,0 мың теңге) немесе 104% құрады.

Бюджеттің шығыс бөлігі 100 % орындалды.

2021 жылға арналған бюджет жалпы 204 601,0 мың теңгені құрады. Трансферттер сомасы 68 416,0 мың теңгені, субвенциялар – 105 881,0 мың теңгені құрады.

Тұрғын - үй шаруашылығы

2021 жылға «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 13 651,0  мың теңге бөлінді.

Осы бағдарлама аясында Абай, Молодежная, Торговая көшелерінің бойында (110 шаршы метр) шұңқырлы жөндеу жұмыстары, 18 көшеде (17,7 км) жол тегістеу жүргізілді, жолдарды белгілеу жұмыстары (21 жаяу жүргіншілер жолы) жүргізілді.

«Автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасы бойынша мердігер мекеме «АБМ 98» ЖШС Октябрьская көшесінің бойындағы, Школьный тұйық көшесінің 22 441,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.

2021 жылы «Тұрғын пунктілердің көркейтуі және көгалдандыруы» бағдарламасы бойынша 968,0 мың теңгеге 23 аялдама павильондарының ағымдағы жөндеуі жүргізілді.

2021 жылы жергілікті бюджет есебінен жаңа құрылыс ауданында және Торговая көшесінде жалпы сомасы 5300,0 мың теңгеге балалар ойын алаңдары орнатылды. Отандастар көшесі ауданында 3 200,0 мың теңгеге  воркаут алаңы орнатылды.

 230 шаршы метр аумақта гүлзарларды орналастыру, 75 гектар аумақта шөп шабу жұмыстары жүргізілді.

Жазғы уақытта ауылды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан 40 оқушы тартылды, осы іс-шараға бюджеттен 1 458,0 мың.теңге бөлінді.

«Елді мекеннің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 29 791,0 мың теңге бөлінді.

Есептік кезеңде Юбилейная, КазССР 50 жылдығы, Заводская, Восточная көшелерінде, Новоселов тұйық көшесінде 78 дана дала жарықтандыру тіректері орнату бойынша жұмыс жүргізілді. Октябрьская және Молодежная көшелеріндегі 67 шам жарықдиодты шамдарға ауыстырылды.

«Елді мекендерді санитарлық тазалықпен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 5 974,0 мың теңге бөлінді. Жыл бойы ауылды санитарлық тазалау, 78 тонна тұрмыстық қоқысты,  250 тонна стихиялық қоқыс үймелерін, ауыл үйіндісіне үйілген 3 800 тонна қоқысты жою жұмыстары жүргізілді.

ҚҰРЫЛЫС

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2021 жылдың наурызында  «Ай-су Мелиорация» ЖШС мердігер ұйымымен сумен жабдықтау желілерінің құрылысы басталды. Есепті кезеңде магистральдық су құбырларын төсеу (67 км), 320 темірбетон құдықтарды, әрқайсысы 500 текше метрлік таза суға 2 су қоймасын және 100 текше метр өнеркәсіптік су үшін резервуарды орнату жұмыстары жүргізілді.

2021 жылдың сәуірінде «КазЕвроСтрой» ЖШС мердігер ұйымы Мәдениет үйінің құрылысын бастады. Есептік кезеңде іргетас орнату жұмыстары жүргізілді.

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, сауда

2021 жылы Павлодар ауылында бір неше объектілер ашылды: ет дүкені («Базарбеков» ЖК), көкөніс-жеміс дүкені («Гасанов» ЖК), дөңгелек ауыстыру шеберханасы («Ангар ПВ» ЖШС).  «Олжа» мини-маркетінің алаңы кеңейтілді.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын шектеу, сондай-ақ делдалдық байланыссыз сауданы ұйымдастыру аясында, есепті кезеңде Павлодар ауылында 4 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылық жәрменкесін орналастыру үшін Октябрьская көшесінде жер телімі белгіленген, эскиздік жобасы бар.

«Еңбек» бағдарламасы аясында 16 адам жалпы сомасы 8,6 млн. теңге өтеусіз гранттар алды (мал шаруашылығын дамытуға – 12 адам, жабдықтауға – 4 адам). Төрт адам жалпы сомасы 16 млн. теңгеге шағын несие алды (мал шаруашылығын дамуына - 3,  тасымалдауға -1). Жобалар іске асырылды.

Ауыл шаруашылығы

2021 жылға статистикалық есебі бойынша мал және құс саны: ірі қара мал 707, жылқы 417, ұсақ қара мал 1363, шошқа 101, құс 5363 құрайды. Уақытында көктем-күзгі мерзімде мал дәрігерлік вакциналау жұмысы жүргізіледі.

Жыл сайын ауыл жиындарында мал бағылатын жер белгіленеді, әр табынға келісім шарт жасалады және  әр табынның жайылатын жер шекарасын бақылайтын бастамашыл топ сайланады. Ауылда 2 қоғамдық табын ұйымдастырылды.

Есеп беру кезеңде қанғыбас 201 ит  (2020 ж.- 271) ұсталынды.

Әлеуметтік сала

Павлодар ауылында жалғыз тұратын 2 зейнеткер үйінде әлеуметтік көмек алады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 31 отбасыға жалпы сомасы 11 264,4 мың теңге төленді.

Қатты отын алуға материалдық көмек 70 адамға 3 062,0 мың теңгеге, туберкулезбен ауыратын 19 адамға 3 325,0 мың теңгеге берілді.

Ауылда барлығы 136 мүмкіндігі шектеулі адам бар, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 18 мүгедек әйелге жалпы сомасы 1 050,0 мың теңге біржолғы көмек көрсетілді.

«Инватакси» қызметі 4 балаға көрсетілді.

Есепті кезеңде ауылда 67 жұмыс орны ашылды, оның 12-сі тұрақты. Қоғамдық жұмыстарға жіберілген – 14 адам.

Білім

Павлодар қаласының №40 жалпы орта білім беру мектебінде 966 оқушы оқиды (оның ішінде мектепке дейінгі дайындық сыныптарда - 31 бала), мини-орталықта - 44.

№40 ОБМ 99 мұғалім, оның ішінде жоғары білімді - 88, орта арнаулы -11.

2021 жылы мектепте 20 575,0 мың теңгеге шатырға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

№117 МҚКК бала-бақшасында 156 бала барады. 6 топ жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау

Павлодар ауылында «МедПроект-ПВ» дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетеді. Үнемі алғашқы анализ зертханасы, ем жасайтын кабинет және күндізгі стационар жұмыс істейді.

Тұрғындарды Covid-19 індетіне қарсы вакцинациялау мақсатында тұрғындармен вакцинацияның қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Павлодар ауылы бойынша барлығы 4 348 адам егуге жатады, оның ішінде I компонент- 3 626 адам (83,4%), II компонент – 3 385 (77,9%) егілді. Қазіргі таңда тұрғындарға ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылдың 1 қаңтарына барлығы 271 адам қайта егілді.

Мәдениет және спорт

2021 жылы 52 мәдени-демалыс іс-шарасы өткізілді, жалпы халықты 1500-ден астам адам қамтыды.

Ауылдық кітапхананың кітап қоры 12359 дана болса, 2021 жылы кітап қоры 287 дана кітаппен толықты. Кітапханаға келушілер саны 14 000 астам құрады.

Тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Ауылда «Barys» дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен «Нуртас» балалар жастар клубы жұмыс істейді, оның негізінде 55 спорттық іс-шара өткізіліп, жалпы саны 1 600-ден астам адам қамтылды.

2021 жылдың ақпан айында Павлодар ауылында Әбу Бәкір Саддық атындағы медресе-колледж оқушылары үшін 550 м2 спортзалы ашылды. Спортзалдың салынуы медресеге колледж мәртебесін беруге, ал оқушшыларға мемлекеттік диплом алуға мүмкіндік берді. Жоба «KSP Steel» ЖШС демеушілігімен жүзеге асырылды.

Қоғамдық - саяси жағдай

Жалпы ауылды дамытудың негізгі факторларының бірі – жиналыстар мен жиындардың шешімімен уәкілетті жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған жұмыс. Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілетті мүшелерінің саны 62 адамды құрайды.

Есепті кезеңде жергілікті қоғамдастықтың 7 жиналысы өткізілді. ЖӨБ мүшелері ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін талқылауға және шешуге қатысады.

Жыл ішінде «Nur Otan» партия депутаттары су құбыры желілерінің, Мәдениет үйінің құрылысын қадағалау, жылу беру маусымының өтуі және су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша 4 көшпелі отырыс өткізілді. Екі кездесу барысында аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жиынтығымен демеушілік көмек көрсетілді.

Ауылда белсенді жұмысты «Қасым Қажының мәдени мұрасы» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады, ол азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына қайырымдылық көмек көрсетілді (азық-түлік жиынтығы, пандемия кезіндегі қорғаныс құралдары, көмір, отын, «Игі істер марафоны», «Мектепке жол» акцияларына қатысу).  

Қылмыстың алдын алу және қоғамдық тәртіпті нығайту

Ауылда екі учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді. Тірек пункті кеңсе техникасымен, телефонмен жабдықталған, қызмет көрсету көлігі бар.

Ауыл көшелерінде құқық бұзушылықтың алдын алу үшін 11 бейнебақылау камерасы арқылы бейнебақылау жүйелері қолданылады, олардың суреттері Павлодар ауылының әкімдігінде және тірек пунктте көрсетіледі.  

Ауылдағы бейнебақылау жүйесін қолдану арқылы 1 қылмыс ашылды, 7 әкімшілік құқық бұзушылық тоқтатылды, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігімен 2 әкімшілік хаттамалар жасалып, 58,0 мың теңге айыппұл өндірілді.

Азаматтардың жолданымы, мемлекеттік қызметтер

2021 жылы ауыл әкімінің есеп беру кездесуінде тұрғындардан 8 өтініш түсті, олардың 4 кездесу кезіңде түсіндіру берілді, 4 бақылауға алынды.  

Барлығы Павлодар ауылы әкімінің аппаратына 105 өтініш түсті, 76 жеке қабылдаулар өткізілді. Түскен өтініштердің ең көп - жер пайдалану, тұрғын үй- коммуналдық және әлеуметтік сұрақтары бойынша өтініштер. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамаға сәйкес мерзімдерде жауаптары берілді.  

Жалпы есептік кезеңде 100 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдау - 20, сауда-саттық, конкурстар мен аукциондарды қажет етпейтін, жер телімдеріне құқықтар алу - 67, жер телімін алу үшін кезекке тұру - 13.

Дата публикации
07 февраля 2022
Дата обновления
07 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы