
Ағымдағы жылдың 1 ақпанында Тарих және құқық негіздері оқытушылары Б. Ж. Жылқыбаев және Д. Ж. Жақанова, Павлодар қаласының «Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі» ШЖҚ КМК барлық мамандықтардың бірінші және екінші курстарында оқитын топтарда "сенің сайлау құқығың" тақырыбында онлайн форматта сынып сағаттарын өткізді. Колледждің 158 оқушысы, сынып жетекшілері және Павлодар қ. ҚАСК мүшесі Сергей Алексеевич Гуторов қатысты.
Іс-шара Павлодар ҚАСК жастарды электораттық-құқықтық ағартудың 2022 жылға арналған жоспарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілді.
Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты жастарды сайлауға және сайлануға құқық беретін ҚР заңнамалық актілерімен таныстыру болды. Сайлау және сайлау алдындағы үгіт жүргізу тәртібі, сондай-ақ сайлаушылардың құқықтары айтылды.
Сонымен қатар, жұмыс күні бойы колледжде «Ашық есік күні» өткізілді, оған №31 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Д. Ж. Жақанова және төрағаның орынбасары Х. И. Айгазинов, сондай-ақ УСК мүшесі Е. В. Соколова қатысты.