
2022 жылға арналған жастарды сайлауалды және құқықтық қамту жоспары бар.
Жастар арасында сайлау заңнамасын түсіндіру жұмыстары жас сайлаушы апталығымен басталды.
1 ақпанда білім беру ұйымдарында жоғары сынып оқушыларымен «Сіздің сайлау құқығыңыз» атты (5, 9, 16, 22, 39, 42 мектептер), колледж студенттерімен «Сайлау және сайлану конституциялық құқығы» атты (колледждер: химия-механикалық, педагогикалық, ақпараттық технологиялар, қызмет көрсету және тамақтану, түсті металлургия, электроника және байланыс) тақырыптық сынып сағаттары өтті.
Сондай-ақ ПМУ, ИнЕУ базасында жоғарыда аталған тақырыптар бойынша кездесулер мен пікірталастар өткізілді. Түсіндіру жұмыстарына аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, жалпы білім беретін мектептердің тарих, құқық пәндерінің мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, саясаттанушылар қатысты. Кездесуге қатысушыларды сайлау туралы Конституциялық заңдардың Қазақстан Республикасының Конституциясы, «ҚР сайлау туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарының негізгі баптарымен таныстырды. Қазақстан Республикасының азаматтары 18 жасқа толған кезде сайлауға қатысуға белсенді сайлау құқығына, пассивті сайлау құқығына – Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаты, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе өзге де өзін-өзі басқару органының мүшесі болып сайлануға құқылы.
Оқушылармен және студенттермен кездесу барысында сұрақтарына жауаптар берілді.
№ 7, 28, 76, 78, 81, 96, 9, 31, 94 сайлау учаскелерінде ашық есік күні өткізіліп, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері шақырылған жастарға сайлау учаскелеріндегі дауыс беру тәртібі туралы айтып берді.