
1942 жылы 21 ақпанда Павлодар облысы, Қашыр ауданы, Байқоныс ауылында дүниеге келген.
1960 жылы Павлодар қаласында орта мектепті бітірді.
Павлодар облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.
Партиялық және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін бірнеше рет көптеген грамоталармен, оның ішінде халық депутаттары Павлодар облыстық атқарушы комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
1994 жылдан 1998 жылға дейін облыстық әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді, әлеуметтік сақтандыру сұрақтарына жауап берді.
Еңбек демалысына шыққаннан кейін қоғамдық жұмыстармен айналысады: Павлодар қаласының 6 – шы шағын ауданының ардагерлер ұйымының төрағасы, 2011 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін-облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.