
1947 жылы 8 маусымда Павлодар облысы, Баянауыл кентінде дүниеге келген.
1974 жылдың қарашасында облыстық комсомол комитеті бюросының шешімі бойынша КСРО МҚК органдары Павлодар облысы бойынша басқармаға қызметке жіберілді.
Ол он жыл бойы Екібастұз қалалық бөлімі бастығының орынбасары, бастығы, ҚР ҰҚК Қарсы барлау Бас басқармасы бастығының орынбасары, Интерполдың ҚР өкілдігінде ҚР ҰҚК өкілі болып жұмыс істеді.
2000 жылғы маусымда жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымынан әскери қызметтен ҚР Қарулы Күштерінің запасына босатылды.