
Павлодар қаласының тумасы, білімі жоғары. 1956 жылы комсомол жолдамасы бойынша Павлодар алюминий зауытының құрылысына жіберілді. 1960 жылы "қазстальмонтаж" монтаждау басқармасына ауыстырылды. 1976 жылдан бастап ПМК-10 облсводхозында газэлектрдәнекерлеуші болып еңбек етті. Алюминий зауытының құрылысына, 1-ЖЭО-ның 2-кезегіне, теледидар мұнарасын тұрғызуға белсене қатысты. Сонымен қатар, облыстық және қалалық деңгейдегі депутат болып сайланған жылдары қоғамдық қызметте белсенді түрде өзін көрсете білді.
1992 жылы құрметті демалысқа шықты. Тыл еңбеккері.
Марапаттары:
Ленин ордені, «В. Лениннің туғанына 100 жыл толуына арналған Ерен еңбегі үшін» медалі, ҰОС Жеңісіне арналған мерейтойлық медальдар, ҚР Құрылыс Министрлігінің құрмет грамоталары және т. б.