
Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің тумасы. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1968 жылы Баянауыл ауданы Жосалы кеңшарында жұмысшы болып бастаған. Комсомол ұйымының хатшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, түрлі совхоздардың партия комитетінің хатшысы болып сайланды. "Куйбышев" совхозының директоры болып жұмыс істеді. Ақсу агроөнеркәсіптік комбинатының бас директоры, Қызылжар құс фабрикасының бас директоры. Павлодар және Баянауыл аудандарының әкімі, Павлодар облысы әкімінің іс басқарушысы болып жұмыс істеді. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің мүшесі болып сайланды. 2019 жылы Павлодар қаласының соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы болып сайланды. Облыстық соттың билер кеңесінің мүшесі.
Марапаттары:
«Құрмет» ордені, Тұңғыш Президенттің «Алтын барыс» төсбелгісі, «Еңбек ардагері» медалі және т.б. Ақсу қаласының, Павлодар және Баянауыл аудандарының Құрметті азаматы болып табылады.