
Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары. 1975-1978 жылдар аралығында құрылыс саласында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 1978 жылы "Трансстрой" (Алтай өлкесі) құрылыс бөлімшесінің бас инженері болып тағайындалды. 1980-1986 ж. ж. - Павлодар және Екібастұз қалаларында әр түрлі лауазымдарда құрылыс саласында жұмыс істеді.
1986 жылы Алматы қаласындағы "Қазақтрансстрой" трестінің бас инженері болып тағайындалды. 1994-2000 жылдары Павлодар қаласында "Трансстрой" АҚ Бас директоры болып жұмыс істейді.
2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - "Иртыштрансстрой"қауымдастығының төрағасы. Ш. а. трамвай жолдарынан бастап Усолка шағын ауданына дейінгі саяжайдың, Қ.Сәтпаев атындағы саяжайдың,Благовещенский соборының, М. Жүсіп мешітінің, Орталық жағалау, "Астана" спорт сарайы»-ның құрылысын басқарды.
Марапаттары: «Қазақстан конституциясына 10 жыл» медалі, көптеген грамоталар мен алғыс хаттар.