
Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары. ММУ-ді бітіргеннен кейін,1974 жылы Ломоносов бағыты бойынша Павлодар педагогикалық институтына оқытушы болып жіберілді. 1975 жылдың сәуірінде КОКП тарихы және ғылыми коммунизм кафедрасының меңгерушісі болып сайланды. 1983-1992 жылдары халыққа білім беруді ұйымдастырушылардың біліктілігін арттыру факультетінің деканы қызметін атқарды. 1992-2002 жылдары сырттай факультетінің деканы болды. Қ. Ф. Загупаров институт пен облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысты. 10 жылдан астам ППИ партиялық ұйымын басқарды, Қазақстан КП Ильичевский ҚР мүшесі болып сайланды, Павлодар МК және Қазақстан КП ОК штаттан тыс лекторы, насихаттаушысы болды.
Марапаттары:
«Халықтар Достығы» ордені, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагер», «Қазақстан конституциясына 10 жыл» медальдары, «Қазақ КСР Ағарту ісінің үздіг», «КСРО Ағарту ісінің үздігі» белгісі, көптеген грамоталар мен алғыс хаттар