
Ресей Федерациясының Новосибирск қаласының тумасы. Білімі жоғары. Жоғары санаттағы дәрігер. 1980 жылдан бастап, 40 жыл бойы Р.М. Дюсембаев "№1 Павлодар қалалық ауруханасы"ШЖҚ КМК нейрохирургы болып жұмыс істеді. 1999 жылдан бастап 2019 жылға дейін "№1 Павлодар қалалық ауруханасы"ШЖҚ КМК нейрохирургиялық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Осы лауазымда болған Рашид Михайлович қазіргі уақытта Қазақстанның үздік кәсіби даярланған мамандарының бірі болып табылатын Нейрохирург дәрігерлерін дайындауға көп көңіл бөлді. Олар бас, жұлын, перифериялық жүйке жүйесінің аурулары мен жарақаттары кезінде мыңнан астам операция жасады.
Марапаттары: "Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл" медальдары, "Денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" төсбелгілері "Алтын скальпель" номинациясының иегері және т. б.