
Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары, 1979 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1979 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданының халық судьясы ретінде бастаған.
1987-1992 ж. ж. Ермак аудандық сотының төрағасы болды;
1992-1999 ж. ж. Павлодар облысының әділет басқармасын басқарды.;
1999-2009 ж.ж. Павлодар қалалық сотының төрағасы болды.
2010 жылы құрметті демалысқа шықты. Ақылжан Тұрсынбекұлы өзінің кәсіби қызметінде Павлодар қаласы мен Павлодар облысының судьялар корпусының имиджін дамытуға және нығайтуға елеулі үлес қосты.
Марапаттары: Ұзақ жылғы және мінсіз еңбегі үшін бірнеше рет ҚР Жоғарғы Сотының Құрмет грамоталарымен, "Сот жүйесінің құрметті қызметкері", "Үш би" төсбелгілерімен, "Сот жүйесінің ардагері" медалімен марапатталған.