
Ресей Федерациясының Астрахан облысының тумасы. Білімі жоғары, 1967 жылы С. Киров ат. Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі:
- Орта мектеп мұғалімі (1957-1959);
- Совхоздың комсомол комитетінің хатшысы (1959-1960);
-Павлодар облыстық сотының судьясы, Павлодар қаласы прокурорының орынбасары, Павлодар қаласы Индустриялық ауданының прокуроры, Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары (1967-1978);
- Қазақ КСР прокуратурасы бөлімінің бастығы (1978-1983);
-Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің прокуратура, сот және әділет органдары секторының меңгерушісі (1983-1984);
-Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы (03.1984-12.1993);
- Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (02.1994-09.1999);
- Қазақстан Республикасының Польшадағы Уақытша Сенімді Өкілі (01.2000-02.2001);
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының директоры (01.2002-09.2003);
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот академиясының ректоры (09.2003-05.2005);
- Сот төрелігі институтының директоры - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры (09.2005-08.2007);
- Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қылмыстық құқық және процесс кафедрасының меңгерушісі (08.2007 ж. бастап)
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11 шақырылымның депутаты болып сайланды, Төтенше және Өкілетті Елшінің 1 класс дәрежесі бар.
Марапаттары: Медаль, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы, Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері атағы.