Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Амангелді Шапиұлы Хамзин - (09.06.1948 ж.т.)

Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары, 1980 жылы С. Киров ат. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1980 жылдан 1981 жылға дейін-Павлодар қаласы Ильичев аудандық соты судьясының стажері. 1981-1987 жылдары-Павлодар облысы Успен аудандық халық сотының төрағасы. 1987 жылдан 1992 жылға дейін-Павлодар қаласы Ильичев аудандық халық сотының төрағасы. 1992 жылдан 1995 жылға дейін-Павлодар облыстық төрелік сотының төрағасы. 1995 жылдан 1996 жылға дейін-Павлодар облыстық сотының сот алқасының төрағасы. 1996-1997 жылдары – Торғай облысы сотының төрағасы. 1997-1999 жылдары - Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары және Астана қаласы Әділет департаментінің бастығы. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі департаментінің директоры. 2001-2002 - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік - құқықтық бөлімінің соттар және әділет органдары бөлімінің меңгерушісі. 2002-2004 жылдары - Алматы қаласы Жетісу ауданы сотының төрағасы. 2004 жылдан 2007 жылға дейін-Павлодар қаласының №2 қалалық (қылмыстық) сотының төрағасы. 2012 жылдан бастап зейнетке шықты, осы жылы Инновациялық Еуразия университетінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып сайланды, ғылыми мектептің жетекшісі. 2019 жылы Павлодарда құрылған би кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Марапаттары: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Алғыс хаты, "Қазақстан Республикасының Құрметті судьясы" атағы, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының темір жолына 100 жыл», «Армия генералы С. Қ. Нұрмағамбетов», «Сот жүйесінің ардагері», «Павлодар облысына 75 жыл» медальдары, «Үш би» Құрмет белгісі, "Сот жүйесінің құрметті қызметкері", "Судьялар одағының құрметті мүшесі" белгілері.

Дата публикации
30 декабря 2021
Дата обновления
30 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы