Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Әлигужинов Серік Қарабатырұлы - (1944-2021 жж.)

Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары,  1976 жылы Павлодар индустриалды институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1967 жылы Павлодар жүк автотрестінің №2564 автоколоннасының инженері болып бастаған; №2564 автоколоннасының бас механигі, бас инженері, Павлодар жүк автобасқармасының бас инженері (1968-84 жж.). Павлодар қалалық атқару комитетінің төрағасы (1987-88 жж.); Қазақ КСР автомобиль көлігі Министрінің бірінші орынбасары (1988ж.); "Казавтокөлік" концерні Басқармасы Төрағасының бірінші орынбасары (1991 - 1993 ж. ж.); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі (1993 -1998 ж.);

Қазақстан Республикасының өкілі - ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетіндегі квоталық қызметкер.

Әр түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істей отырып, экономиканың көптеген салаларын, оның ішінде Павлодар қаласын дамытуға қомақты үлес қосты.

Марапаттары: «Парасат», «Құрмет», «Халықтар достығы» ордендері, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астанаға 10 жыл»,  «Астанаға 20 жыл», «Еңбек ардагері», «За верность делу», «Қазақстан темір жолына 100 жыл» медальдары.

Дата публикации
30 декабря 2021
Дата обновления
30 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы