Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Кәрібаев Ыбырай Зекенұлы - (27.04.1939 ж.т.)

Павлодар облысының тумасы. Еңбек жолын 1957 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Павлодар облысы Ермаков ауданы Ермаков №11 автобазасының жүргізушісі болып бастады. 1959 жылдан 1961 жылға дейін Ленин кенттік кеңесінің хатшысы болып жұмыс істеді. 1961 жылдың наурыз айында Павлодар облысы Ермаков ауданы Жолқұдық кенттік милиция бөлімшесінің төлқұжат үстелінің бастығы болып тағайындалады. 1963 жылдан 1973 жылға дейін Павлодар қаласы Еңбекшілер депутаттарының Ленин кенттік Кеңесінің әртүрлі лауазымдарын атқарды. 1973 жылдан 1986 жылға дейін Ленин АТЭП-да ТҚП инженері, Ермаков аудандық "Казсельхозтехника" бірлестігінің кәсіпорындарында аға инженер-технолог, Ермаков ауданы халық депутаттары Алғабас ауылдық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, қосалқы шаруашылықтың бас механигі және бас зоотехнигі болып жұмыс істеді. 12-13 шақырылған Павлодар қалалық еңбекшілер депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды.

1986 жылы Ленин кентінің өрт сөндіру бөлімінің бастығы болып тағайындалады.

Марапаттары: "Павлодар облысына 75 жыл" мерейтойлық медалі, "Өрт күзетіне 70 жыл" медалі, "Қазақстан Республикасы ТЖМ құрметті ардагері" медалі,  «Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов» медалі.

Дата публикации
30 декабря 2021
Дата обновления
30 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы