
Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары. 1980 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын "Қаржы және несие"мамандығы бойынша бітірген. Экономист біліктілігі мен экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.
Оның барлық еңбек қызметі Павлодар Ертіс өңірімен тығыз байланысты. 1980 жылы Баянауыл аудандық қаржы бөлімінің ауыл шаруашылығы бойынша аға экономисі болып, Павлодар облысының қаржы органдарында, оның ішінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдарында әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
Марапаттары: «Құрмет» ордені, «Парламентке 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдары, «Қаржы қызметінің үздігі» төс белгісі, «Павлодар облысына 75 жыл» мерейтойлық төс белгісі, 2 дәрежелі Ұлы Петр ордені.