
Ресей Федерациясы Свердлов облысының тумасы. Білімі жоғары. Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісіне дейін еңбек жолын өтті. Оның қатысуымен әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысы жанданды.
Любовь Ивановна беларус мәдени орталығының білім беру бастамашылары мен ұйымдастырушыларының бірі болып табылады, оның жұмысына 2000 жылдан бастап қатысады, 2003 жылдан бастап "Беларусь" мәдени орталығы" облыстық қоғамдық бірлестігін басқарады. Этномәдени бірлестіктің көшбасшысы ретінде ол өңірдегі достық, бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтуға, белорус халқының мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, Облыстың Белорус халқын егеменді Қазақстанның экономикалық және мәдени құрылысы үдерісіне тартуға бағытталған Орталықтың қызметін ұйымдастыруға үлкен үлес қосып келеді.
Марапаттары: «Құрмет» ордені, "Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі" атағы, "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" белгісі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың – 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Павлодар облысына 75 жыл» медальдары және т.б.