
Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары. 1963 жылы А. Пушкин атындағы Орал мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1964 жылдан бастап оның тағдыры Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтымен тығыз байланысты. Қайырбай Оразамбекұлы - педагог, тамаша лектор, ғалым және ұйымдастырушы, ПМПУ химия-биология факультетінің қалыптасуы үшін көп еңбек еткен, жас мамандарды дайындауда мол тәжірибесі бар. Оның оқушыларының арасында ғылым докторлары мен кандидаттары, еңбек сіңірген мұғалімдер мен жалпы білім беретін мектептердің директорлары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, түрлі мемлекеттік қызметтердің қызметкерлері бар. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап Қ. О. Базарбеков Қазақстан Республикасының Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының толық мүшесі болып сайланды.
Марапаттары: "Құрмет" ордені, "Еңбек ардагері", "ҚР Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін" медалі, "Социалистік жарыс жеңімпазы", "Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі", "Жұмыстағы үздік жетістіктері үшін", «Ы. Алтынсарин» төс белгілері, "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері"атағы.