Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Павлодар қаласының аумағында 2021 жылы ауыл, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ақпарат

2021 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев «Сайлау туралы» Конституциялық заңға және ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Соның ішінде өзгерістер ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлауға қатысты болды. Өкілеттіктері аяқталған және мерзімінен бұрын тоқтатылған ауылдардың, ауылдық округтердің, кенттердің әкімдері а.ж. екінші жартыжылдығынан бастап жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы халық сайлана бастады.

Павлодар аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен жұмыс істеген әкімнің өкілеттігінің аяқталуына байланысты 25 шілдеге Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды. Кенжекөл, Долгое, Байдалы ауылдарының 4 сайлау учаскелерінде сайлаушылардың дауыс беруі үшін, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін барлық жағдай жасалған. Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Кенжекөл ауылдық округінің әкіміне 6 кандидат ұсынды, оның ішінде саяси партиялардан – 3 («Nur Otan», «Ақ жол», Жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партия), өзін – өзі ұсынушылардан - 3 кандидат. 6 үміткердің 5-і МҚЖА біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеруден өтті.

Кенжекөл ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы бойынша «Nur Otan» саяси партиясынан кандидат Ж. Т. Тәйкебаева сайлаушылардың ең көп дауысын жинады, Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының а. ж. 26 шілдедегі шешімімен Ж. Т. Тәйкебаева Кенжекөл ауылдық округінің әкімі болып тіркелді, оған әкімнің куәлігі табыс етілді.

Жетекші ауылы әкімінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 5 қыркүйекке әкім сайлауын тағайындады. Ауылдың учаскелік сайлау комиссиясы сайлау учаскесіндегі барлық сайлаушылар үшін тиісті жағдай жасады.

Жетекші ауылы әкімінің сайлауына 4 кандидат ұсынылып, тіркелді, оның ішінде «Nur Otan» партиясынан - 2, өзін – өзі ұсынғандар - 2 кандидат. Барлық 4 кандидат сайлау заңнамасының біліктілік талаптарына сәйкес келді. Кейіннен екі өзін-өзі ұсынған адам өз қалаулары бойынша кандидатураларын шешті.

Сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың ең көп дауысын «Nur Otan» партиясынан кандидат Н. М. Әбдірахманов алды, Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының а.ж. 6 қыркүйектегі шешімімен Н. М. Әбдірахманов Жетекші ауылының әкімі болып тіркелді, оған әкімнің куәлігі табыс етілді.

Кандидаттардың халықпен үгіт жұмысы кезіндегі белсенділігін атап өткен жөн. Сайлаушылардың дауыс беру рәсімін кандидаттардың сенім білдірілген адамдары мен байқаушылар бақылады. Сайлау кезінде бұзушылықтар мен шағымдар болған жоқ.

Сайлау процесіне қатысушылар (сайлаушылар, әкімдікке кандидаттар, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, аумақтық және учаскелік комиссиялардың мүшелері, қоғамдық ұйымдар, жергілікті атқарушы органдар) өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетті, ауылдық округ әкімдерін таңдауда бастама білдірді.

Дата публикации
30 декабря 2021
Дата обновления
30 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы