Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Василий Васильевич Троцкий - (1940-2020 ж.ж.)

Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары. 1968 жылы Павлодар индустриалды институтын инженер – құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы.

1962 жылдың желтоқсанында "Болатконструкция" басқармасына алюминий зауытының объектілерін монтаждау бойынша монтажшы лауазымында жұмысқа қабылданды. Бұл ұйымда әр түрлі лауазымдарда 1975 жылға дейін жұмыс істеді, монтажшыдан бас инженерге дейін жол жүріп 1978 жылы Павлодар аумақтық өндірістік-өкімдік басқармасының бас инженері қызметіне ауыстырылды, ол алюминий, мұнай өңдеу, трактор зауыттарының және басқа да кәсіпорындардың жабдықтарын монтаждаумен айналысты.

1980 жылдан 1988 жылға дейін осы басқарманың бастығы. Өз қызметінде қаланың қоғамдық өміріне үнемі қатысты. Ғылыми-техникалық қоғамның төрағасы, қалалық Кеңестің депутаты, басқа да қоғамдық және партиялық ұйымдардың мүшесі болып сайланды. Құрметті демалысқа шыққаннан кейін белсенді қоғамдық жұмыспен айналысады, жастарды патриоттық тәрбиелеу, қаланы абаттандыру бойынша іс-шараларға қатысады.

Марапаттары:

Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы атағы, "Қазақстанның мұнай саласына 100 жыл" медалі, "Павлодар облысына 75 жыл" медалі, салалық кәсіпорындардың медальдары.

Дата публикации
29 декабря 2021
Дата обновления
29 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы