
Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары. Павлодар облысының Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты. Павлодар облысында Денсаулық сақтау департаментінің бастығы ретінде жұмыс істеген жылдары Ертіс, Екібастұз, Шарбақты және Лебяжі ОАА, неонотал орталығы, балалар үйі, балалар стоматологиялық емханасы, облыстық қан орталығы, ЖИТС орталығы, 2 емхана, 3 емхана, қазіргі Республикалық Наркология орталығы, облыстық балалар ауруханасы, Павлодар қаласындағы жедел жәрдем станциясы және ЖЖМК, перзентханалар, Екібастұз қаласындағы балалар ауруханасы, амбулаториялар салынды. Алғаш рет мекемелер УДЗ аппараттарымен, томографтармен, компьютерлермен қамтамасыз етілді, медициналық көмек стандарттары енгізілді, медициналық сақтандыру негіздері қаланды. Орта қызметкерлердің біліктілігін арттыру бөлімшелері, медицина қызметкерлеріне арналған профилакторий, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы құрылды, онкодиспансер, балалар тубының жағдайы жақсарды шипажай, Германия, АҚШ, ҚХР, Кубамен халықаралық байланыс орнатылған. Алғаш рет дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша тендерлер өткізілді.
Марапаттары:
"КСРО Денсаулық сақтау үздігі" белгісі, "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі", ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы, Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаты, "Конституцияға 10 жыл" медалі, "Алтын дәрігер" қауымдастығы, Павлодар облыстық мәслихатының Құрмет грамотасы, "Павлодар облысы алдында сіңірген еңбегі үшін" белгісі