
Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары. 1963 жылы Новосібір инженерлік-құрылыс институтын "Жылу электр станцияларының құрылысы" мамандығы бойынша бітірген. 1963 жылы шебер ретінде еңбек жолын бастаған. 5 жыл Вьетнамда құрылыс жөніндегі Бас Кеңес сарапшысының орынбасары болды. Еңбек қызметімен қатар, қалалық Кеңестің депутаты ретінде қоғамдық жұмыспен айналысты. Өзінің еңбек жолын, шығармашылық байқауларын, атақты және қызықты адамдармен кездесулер мен әңгімелесулерді А. М. Балғожин өз шығармаларында көрсетті. Оның очерктері, әңгімелері республикалық және облыстық газеттер мен журналдарда, қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты.
Марапаттары:
КСРО Энергетика министрінің тресінің грамотасы, Вьетнамдағы КСРО Елшісінің грамотасы, "Еңбек" ордені, СРВ Үкіметі және "Достық" медалі