Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Амантай Сапарғалиұлы Аймағамбетов - 1940-2026 жж.

Ақмола облысының тумасы. Білімі жоғары. 1978 жылы Павлодар педагогикалық институтын "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша бітірген. 1964-1967 ж.ж. Түркістан әскери округінің Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. Қызмет жылдары спорттық жарыстарға белсене қатысып, Кеңес Одағының көптеген қалаларында болып, жүлделі орындарға ие болды. 1972 жылдан бастап әскерде қызмет еткен соң, еңбек демалысына шыққанға дейін жаттықтырушылық қызметпен айналысты. Жалпы еңбек өтілі 45 жылдан астам. Жұмыс уақытында халықаралық және республикалық турнирлердің чемпиондары мен жүлдегерлерді, спорт шеберлерді дайындады.

Амантай Сапарғалиұлы Павлодар облысының еркін күрестен КСРО-ның алғашқы спорт шебері, республикалық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы. Ол ҚазКСР республикалық санаттағы төрешісі, Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының алқа мүшесі, Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы Қоғамдық баспасөз хатшысы болып табылады. Павлодар облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының мүшесі. Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі. Павлодар қаласының спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы. 1972 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін жаттықтырушылық қызметінде.

Марапаттары:

"Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері" төсбелгісі, "Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласына сіңірген еңбегі үшін" Құрмет белгісі», «Павлодар облысына 75 жыл» медалі, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі.

Дата публикации
29 декабря 2021
Дата обновления
08 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы