
Атырау облысының тумасы. Білімі жоғары. Гурьев педагогикалық институтын бітірген. 1970 жылдан бастап Павлодар қаласы мен Павлодар облысының кеңестік және партия органдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді: Марксизм-Ленинизм университетінің директоры, Павлодар қаласы Индустриялық аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық партия комитетінің Ғылым және оқу орындары бөлімінің меңгерушісі, Павлодар қалалық партия комитетінің хатшысы. 1997 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін облыстық Еңбек және жұмыспен қамту комитетінде бөлім бастығы болып жұмыс істеді.
Жұмыс істеген жылдары Павлодар қаласы мен облыстың әлеуметтік саласын дамытуға елеулі үлес қосты.
Құрметті демалыста Валентина Федоровна Павлодар қаласы мен облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысады. 1998 жылдан қазіргі уақытқа дейін ардагерлер қозғалысының дамуына үлкен үлес қосып келеді, жауапты хатшы, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары болып табылады.
Марапаттары:
"Еңбек ардагері" медалі, "ҚазКСР білім беру үздігі" төсбелгісі, "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары.