Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Мұхит Мүрсәліұлы Омаров - (19.10.1948 ж.т.)

Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары, Қазақ мемлекеттік университетін, Павлодар индустриалды институтын, РФ Президенті жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Мұхит Мүрсәліұлы - экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Еуразиялық халықаралық журналистика академиясының академигі.

Еңбек жолын аудандық газетте журналист болып бастады. Содан кейін комсомол, партия және кеңес органдарында жұмыс істеді. 1993-1998 жылдары-Павлодар қалалық Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, облыстық мәдениет басқармасының бастығы, облыстық экономика басқармасы бастығының орынбасары, Павлодар мемлекеттік университетінің экономика және менеджмент кафедрасының меңгерушісі. 1998 жылдан қазіргі уақытқа дейін-облыстық "Сарыарқа самалы"газетінің бас редакторы.

Бірнеше рет Павлодар қалалық және облыстық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды.

Марапаттары:

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы, "Қазақстан Республикасына 10 жыл" мерейтойлық медалі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінің "Мәдениет қайраткері" Құрмет белгісі, "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" мерейтойлық медалі, Халықаралық Бейбітшілік Қорының "Бітімгершілік және қайырымдылық қызметі үшін" құрмет медалі.

Дата публикации
29 декабря 2021
Дата обновления
29 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы