
Павлодар қаласының тумасы. Білімі жоғары. 1995 жылы С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. Ақын, журналист, қоғам қайраткері. "Жігер" республикалық шығармашылық жастар фестивалінің дипломанты. 1990 жылдан бастап бұқаралық ақпарат құралдарында журналист болып жұмыс істейді. Арман Бақтанұлы Қазақстан Жазушылар Одағы Павлодар облыстық филиалының мүшесі, "Найзатас" облыстық әдеби-көркем журналының жауапты редакторы, "Ертіс дидары"облыстық қоғамдық газетінің редакторы.
А. Б. Қани "Ар алдында", "Қызыл түнектегі ақ бұрқақ", "Тамшылар" поэтикалық жинақтардың авторы. Павлодар ақынының шығармашылығына Қазақстан Республикасының Халық жазушысы М. Әлімбаев жоғары баға берді.
Марапаттары:
"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы.