Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Николай Алексеевич Ермаков - (1941-2022 жж.)

Ресей Федерациясы Рязан облысының тумасы. Білімі жоғары. 1977 жылы Павлодар өнеркәсіптік институтын “Машина жасау технологиясы” мамандығы бойынша бітірді. Кеңес Армиясы қатарында қызметтен кейін комсомол жолдамасы бойынша Павлодар алюминий зауытының Бүкілодақтық құрылысына келді: “Строймонтаж” басқармасында қатардағы монтажшыдан бастықтың орынбасарына дейін жол жүрді. 1973 жылы жабдықтарды монтаждау бойынша техникалық сарапшы ретінде Египет Араб Республикасына алюминий зауытын салуға жіберілді. 1976 жылы Павлодарға оралып, басқармада жұмысын жалғастырды. 1977 жылы өндірістен қол үзбей Павлодар өнеркәсіптік институтын “Машина жасау технологиясы” мамандығы бойынша бітірді, ал 1981 жылы Қазақ КСР Монтаж және арнайы құрылыс жұмыстары министрлігінің бұйрығымен “Казпромтехмонтаж” (Промтехмонтаж) басқармасының бастығы болып тағайындалды. Басшы ретінде Николай Алексеевич өндірістік үдерістердің жаңғыртуына, қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларының жасауына, барлық Мемст-тар ҚНжЕ қатаң сақтауына бағытталған іс-шараларға көп көңіл бөлген. 2008 жылдың ақпан айында филиал ISO 9001:2000, ISO 14001:2004 және OHSAS 18001:1999 халықаралық стандарттарына сәйкестікті сертификаттаудан өтіп, “Русский Регистр”сертификаттау жөніндегі қауымдастықтың сәйкестік сертификаттарына ие болды.

Марапаттары:

«Еңбек Қызыл Ту» ордені, «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдары, «Ерен еңбегі үшін» мерейтойлық медалі. В. И. Ленин туылғанына 100 жылдығына орай», «КСРО еңбек сіңірген монтажшысы», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген монтажшысы», «Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы» белгілері.

Дата публикации
28 декабря 2021
Дата обновления
28 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы