
Ресей Федерациясының Омбы облысының тумасы. Білімі жоғары. Алматы халық шаруашылығы институтын, Марксизм және Ленинизм университетін бітірген. М. Ш. Өтегенов еңбек жолын 1963 жылы Омбы облысындағы «Коммунизм туы» колхозында есепші болып бастады. 1968 жылы Қазақстанға қоныс аударды, Қарағанды және Жезқазған облыстарының сауда ұйымдарында жұмыс істеді. 1983 жылы Павлодар қаласына «Казхозторг» базасының директоры болып ауысты. 1987 - 1993 жж - Павлодар қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары. 1993-2000 жылдары - Павлодар және Ақтөбе облыстарының кедендік бақылау басқармасының бастығы. 2000 жылдан 2010 жылға дейін - Павлодар облысы статистика департаментінің бастығы, 2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін - Павлодар облысы статистика департаменті ардагерлер кеңесінің кеңесшісі, төрағасы.
М. Ш. Өтегеновтің жалпы жұмыс өтілі 51 жыл, оның ішінде Павлодар қаласында 31 жыл. Осы уақыт аралығында Мұхамеджан Шайхымұлы Павлодар қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосты
Марапаттары:
«Құрмет» ордені, Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасы, медальдар, құрмет грамоталар, алғыс хаттар.