Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Юрий Дмитриевич Поминов - (22.02.1953 ж.т.)

Ресей Федерациясының Новосибирск облысының тумасы. Жазушы, журналист, қоғам қайраткері, білімі жоғары, Киров ат. қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1977 жылы университетті бітіргеннен кейін облыстық «Звезда Прииртышья» газетінде тілші, редактордың орынбасары, 1988 жылдан 2012 жылға дейін редактор, 2012 жылдан редактор-шолушы болып жұмыс істеді. Юрий Дмитриевич «Звезда Прииртышья» газетінің редакторы болған жылдары, газетке ең жоғары республикалық «Алтын жұлдыз» сыйлығы берілді.

1990 жылдан - «Нива» Қазақстан әдеби-көркем журналының редакциялық алқасының мүшесі. Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ресей Жазушылар одағының мүшесі. Павлодар облысының журналистиканың дамуына, «Звезда Прииртышья» облыстық газетінің қалыптасуына елеулі үлес қосты.

Юрий Поминов «Журналист», «Огонек», «Простор», «Нива», «Южная звезда» журналдарында жарияланды. Ол «Крупяной клин», «Помню и люблю», «Характеры», «Живу», «Мои современники», «Между прошлым и будущим», «Блёстки» кітаптарының авторы. Оның жаңа кітабы - «Хроника смутного времени. Записки редактора» атты бірінші бөлімі 2007 жылы Павлодарда жарық көрген, бұл қайта құру жылдарының бірегей жылнамасы, тек облыстың ғана емес, бүкіл елдің өмір шежіресі.

Марапаттары: ҚР құрмет грамоталары, мерейтойлық медальдар, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі.

Қазақстан Журналистер одағы сыйлықтарының (1980, 2000 және 2003 жж.), «Қазақстан әдебиеті-2000» байқауының, Г. И. Толмачев атындағы сыйлықтың («Қазақстандағы орыс тілді газеттер арасындағы үздік редакторы», 2009) иегері. Қазақстан Республикасының құрметті журналисі. Ресей Журналистер одағының Новосибирск облыстық ұйымымен бекітілген үшінші және екінші дәрежелі «Отандық журналистика алдында сіңірген еңбегі үшін» ордені.

Дата публикации
24 декабря 2021
Дата обновления
24 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы