
Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары, 1966 жылы Павлодар өнеркәсіптік институтын өндірістік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын «Жилстрой» тресінің тасшысы болып бастаған. Тасшыдан бастап Павлодар қаласы әкімінің орынбасарына дейін еңбек жолын өтті. 1991 жылдан 1995 жылға дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болды.
Құрылыс және мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеді. Оның ішінде, Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары, Павлодар қаласының көріктендіру басқармасының бастығы, «Павлодарлифт» ААҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Биосфера» ЖШС бас маманы.
2010 жылдан бастап «Биосфера» ЖШС бас маманы болды.
Павлодар қаласының заманауи коммуналдық шаруашылығының құру мен дамытудың бастауында болды.
Марапаттары: Қазақстан Республкасы Президентінің алғыс хаты, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, «Павлодар облысына 75 жыл», Павлодар қаласы әкімінің құрмет грамотасы.