
Беларусь Республикасы Могилев облысының тумасы. Білімі жоғары, Ленинград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. 1955 жылы институтты бітіргеннен кейін, тарату бойынша ол Павлодар қаласына трактор және алюминий зауытының құрылысына келді. Еңбек жолын «Павлодарпромстрой» тресінің 3-ші құрылыс ауданының шебері ретінде бастады. Жұмыс кезінде ол бригадирден бас инженерге дейін еңбек жолын өтті. 1961-1965 жылдары 1-ші құрылыс ауданының бас инженері, 1965-1969 жылдары «Павлодарпромстрой» бас инженері болып жұмыс істеді.
1969 жылдан 1985 жылға дейін Главпавлодарстройдың өндірістік құрылыс және қосалқы мердігер ұйымдар бойынша бастығының орынбасары болды. 1985 жылдан бастап зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін «Павлодарпромстрой» трестінде басқарушының орынбасары болып жұмыс істеді. Қазақстан Республикасының дара зейнеткері.
Павлодар қаласының құрылыс саласына елеулі үлес қосты.
Марапаттары: «Еңбек Қызыл Ту» екі ордені, 5 медаль, облыс алдында сіңірген еңбегі үшін төсбелгісі, Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы атағына ие болды.