Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Серім Уахапұлы Сыздықов - (02.10.1952 ж.т.)

Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары. 1976 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бітірді. 2002 жылы Қарағанды ​​қаржы-экономикалық университетін «Әлеуметтік саладағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек қызметі:

- 1977-1980 жж. - Павлодар қаласындағы №5 емхананың хирург-травматологы

- 1980-1991 жж. - «Ғ. Сұлтанов ат. Павлодар облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК травматология-ортопедия бөлімшесінің травматолог-ортопеді

- 1991-1999 жж. - «Ғ. Сұлтанов ат. Павлодар облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК травматология-ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі.

- 1999 жылдың сәуірінен бастап 2017 жылдың қазан айына дейін - «Ғ. Сұлтанов ат. Павлодар облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері.

- 2017 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - «Ғ. Сұлтанов ат. Павлодар облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК директоры.

Денсаулық сақтаудың жоғары санатты дәрігер ұйымдастырушысы.

С. У. Сыздықовтың бас дәрігер ретінде жұмыс істеген кезінде ұйымдастырушылық қабілеті толығымен көрсетілген. Ұжыммен бірге ол қиын, дағдарыс жылдарында аурухананы құтқарып, медициналық көмектің сапасын жақсартуға, экономикалық басқарудың жаңа тұтқаларын енгізуге көп күш салды. Қазіргі уақытта аурухана тұрақты жұмыс істейді. Науқастарды емдеуге мемлекеттік тапсырыс жыл сайын орындалады.

Марапаттары: «Құрмет» ордені, Н. И. Пироговтың ордені /Ресей/, «Қазақстан Конституциясына он жыл» медалі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, «Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі.

Дата публикации
24 декабря 2021
Дата обновления
24 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы