Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Василий Васильевич Стричишин - (1939 - 2025 ж.)

Ақмола облысының тумасы. Жоғарғы білім. Павлодар өнеркәсіптік институтын бітірген.

Еңбек жолын №9 мектепте еңбек және машина жасау пәнінің мұғалімі болып бастады, содан кейін облыстық жас техниктер станциясының директоры болды. Оқуды бітіргеннен кейін машина жасау зауытында өндіріс шебері, облыстық кәсіподақ ұйымының инспекторы, облыстық партиялық бақылау комитетінің инспекторы, нұсқаушы және қалалық партия комитетінің өндірістік көлік бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1973 жылы Павлодар қаласының Өнеркәсіптік аудандық атқару комитетінің бірінші төрағасы болып сайланды, 1980 жылы облыстық партия комитетінің өндірістік көлік бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 1994 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін облыстық көліктік бақылау басқармасын басқарды. Әр түрлі лауазымдарда жұмыс істей отырып, Василий Васильевич Павлодар қаласы мен облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуындағы көптеген мәселелердің шешімін табуға ұмтылды, кәсіпорындар дамытылды, әлеуметтік нысандар, спорттық нысандар мен сауда кәсіпорындары салынды. В.В. Стричишин бірнеше рет аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі депутат болып сайланды.

2005-2011 жылдары зейнетке шыққаннан кейін ол Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты В. Я. Бобровтың қоғамдық көмекшісі болды.

Марапаттары: «Еңбек Қызыл Ту» ордені, «Құрмет белгісі» ордені, медальдар, республикалық және облыстық маңызы бар құрмет грамоталары.

Дата публикации
24 декабря 2021
Дата обновления
12 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы