Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Елеусіз Фазылұлы Дүйсеков - (1960-2022 жж.)

Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары. 1984 жылы Павлодар педагогикалық институтын бітірді. Халықаралық спорт шебері, AIBA санаты Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Афиныдағы 2004 жылғы Олимпиада Ойындарының төрешісі.

Еңбек қызметі: 1978 ж. – ТБӨ-3 дәнекерлеуші-арматурашы; 1980 ж.- институтта оқу; 1984-1986 жж., - әскердегі қызмет; 1986-1996 жж. - тренер №5 БЖСМ бокс жаттықтырушысы; 1996 ж. бастап №5 БЖСМ директоры.

Спорт жетістіктері: КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (1982);

КСРО чемпионатының қола жүлдегері (1981); КСРО Кубогының 3 дүркін жеңімпазы (1979, 1981, 1983), Қазақ КСР біріншіліктерінің чемпионы (1980, 1981, 1983), Югославиядағы (1981); Солтүстік Кореядағы (1982); Тайландтағы (1982), Индонезиядағы (1982) халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

Қазіргі уақытта «Олимпиада резервін даярлау орталығы» ММ директоры.

Спорттық мансабында Елеусіз Фазылұлы 237 жекпе-жек өткізіп, оның 218-інде жеңіске жеткен.

Марапаттары: «Құрмет» ордені, «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы, КСРО халықаралық дәрежедегі спорт шебері және т.б.

Дата публикации
24 декабря 2021
Дата обновления
24 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы